ЖАСТАР КЕЛIСIМ АЙМАҒЫНА ЖИНАЛДЫ

ЖАСТАР КЕЛIСIМ АЙМАҒЫНА ЖИНАЛДЫ

ЖАСТАР КЕЛIСIМ АЙМАҒЫНА ЖИНАЛДЫ
ашық дереккөзі
443

Қарашаның 20-жұлдызында Қазақстан жастарының Конгресi «Iскер» бизнес орталығының мәжiлiс залында «Жастардың келiсiм аймағы» атты дөңгелек үстел өткiздi.

Болашақтағы ұлт жанашыры – жастар болмақ. Ендеше жастар ұйымдарының қазiрден бiрiгiп, бiр жеңнен қол шығарғаны елiмiздiң ертеңi үшiн зор пайда. Сондай-ақ республикадағы этномәдени орталықтар мен жастар ұйымдарын бiр жерге жұмылдырып, рухани-адамгершiлiкке баулып, жас ұрпақтың патриоттығын, дүниетанымы мен толеранттығын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылыған бұл шараның көздегенi Қазақстан халқы ассамблеясының XV сессиясында белгiленген тапсырмаларды жүзеге асыру. Ендеше осы мақсатта елдегi этномәдени орталықтар мен белдi жастар орталығы бас қосқан болатын. Атап айтар болсақ, «Тiл және мәдениет» қоғамы, «Ақмола казактары қауымы», «Ватра украиндық қоғамы», «Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығы, Астана қаласының өзбектер мәдени орталығы және «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ мен Қазақстан Жастар Конгресiнiң өкiлдерi қатысты.

Қазақстан Жастар Конгресiнiң басшылығымен өткен дөңгелек үстелде әр орталық тарапынан күн тәртiбiндегi мәселелердi қозғайтын баяндамалар оқылды. Мәселен, «Қазақстанның ЕЫҚҰ-ға төрағалығы», «Қазақстанның ұлттық бiрлiк доктринасы» туралы және Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясында қаралған мәселелер жалғасын тауып, өзара талқыланды. «Бiз ассамблея жанынан жастар қанатын құру идеясын қолдаймыз. Бiрақ бiзде бiрнеше ауқымды жастар ұйымдары бар. Ендеше солардың жанынан неге ұйымдастырмасқа? Себебi ассамблея барысында қабылданған құжаттардың жүзеге асуы үшiн жастардың талаптарына сай жасалу керек. Ал бұл iспен тек тәжiрибелi жастар ғана айналыса алады, – деп «Диаманд» немiс жастары клубының төрайымы А. Ефремова өз ойын бiлдiрдi.

Бұл кездесуде ешбiр ұйым шет қалған жоқ, керiсiнше қатысушылар бейресми жағдайда осы мәселелердiң шешiмiн бiрге қарастыруды көздеп отыр. Сондай-ақ жастар қауымы әрiректе ұйымдастырылған «Бiр Отан, бiр халық, бiр заң» атты акцияны негiзгi бағыт етiп алса керек.

Ақниет ОМАРҒАЗЫ

Серіктес жаңалықтары