ОРАЛМАН ЖАСТАР АРАСЫНДА ЖАРЫС ӨТКIЗIЛДI

ОРАЛМАН ЖАСТАР АРАСЫНДА ЖАРЫС ӨТКIЗIЛДI

ОРАЛМАН ЖАСТАР АРАСЫНДА ЖАРЫС ӨТКIЗIЛДI
ашық дереккөзі
237

Өткен аптада Дүниежүзi қазақтарының қауымдастығы және Көшi-қон Комитетiнiң Алматы қаласы бойынша департаментi бiрлесiп, «Нұр Отан» ХДП партиясының «Жас Отан» жастар қанатының қолдауымен Қазақстан Республикасының «Тәуелсiздiк күнiне» орай этникалық мигрант студент-жастар арасында спорт жарыстарын өткiздi.

Бұл мерекелiк жарысқа Алматы қаласындағы барлық Жоғарғы оқу орнында бiлiм алып жатқан этникалық мигрант студенттердiң көпшiлiгi қатысып, өз бақтарын сынап көрдi. Тәуелсiздiк мерекесi қарсаңында ұйымдастырылған жиында салауатты өмiр салтын насихаттау және жастарды патриоттық сезiмге баулу көзделiптi. Аталмыш шарада бiрнеше спорт түрлерi бойынша сайыстар өткiзiлдi.

Тәуелсiздiк алғалы берi елге 700 мыңдай этникалық ұлт өкiлдерi оралғаны белгiлi. Жалпы жержүзiнде 15 миллионнан астам қазақ Отанында және шет мемлекеттерде өмiр сүредi. 1993 жылдан берi Алматы облысы бойынша тiркелген оралмандар саны 2133 отбасын құраса, олардың 60%-ы жастар екен. Айта кетер маңызды жайт, Алматыда тiркелген қандастарымыздың 14-i ғылым докторы және 66-сы ғылым кандидаты екен. Ендеше өз елiне оралған оралман бауырларымыздың Отан үшiн еңсерер елеулi iстерi әлi алда деп ойлаймыз.

Ақниет ОМАРҒАЗЫ

Серіктес жаңалықтары