ГАЗЕТIМIЗ – ТҮРКИЯНЫҢ БЕЛГIЛI БАСЫЛЫМЫНДА

ГАЗЕТIМIЗ – ТҮРКИЯНЫҢ БЕЛГIЛI БАСЫЛЫМЫНДА

ГАЗЕТIМIЗ – ТҮРКИЯНЫҢ БЕЛГIЛI БАСЫЛЫМЫНДА
ашық дереккөзі
400

Түбi бiр түркi халықтарының тарихи сабақтастығы сандаған ғасырларға созылып жатқанымен, бауырлас жұрттардың мәдени, әдеби, ғылыми байланыстары кейiнгi жылдары ғана белсендi түрде нығайып, кең өрiс ала бастағаны белгiлi.

Халықаралық «Түркiстан» газетiнiң биылғы жылғы 30-сәуiр күнгi санында қасиеттi Түркiстан қаласында үш жыл қызмет атқарған түрiктiң белгiлi қаламгерi, Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Якуб Делиомероглының «Иассауидiң шаһары және оның тарихы» кiтабынан «Түркiстанның таңғажайып тарихы және Пайғамбардың аманаты» деген бөлiмiн Мақсұтхан Жақыптың тәржiмалауымен жариялаған едiк.

Түрiк бауырластарымыз осы қазақша нұсқасын ғаламтордағы сайтымыздан алып, Еуразия Жазушылар одағының айына бiр рет шығатын «Kardes kalamler» журналының №32 санындағы 94-96 беттерiнде қазақ тiлiнде жариялауды жөн санаған көрiнедi. Анадолы жерiндегi түрiк ағайындарымыздың орынды iстерi баршамызға жақсы үлгi боларлықтай.

Ж.БАҚҚОНДЫҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары