«АЗАТТЫҚ АҢСАП, ГИМАЛАЙ АСҚАН КӨШ»

«АЗАТТЫҚ АҢСАП, ГИМАЛАЙ АСҚАН КӨШ»

«АЗАТТЫҚ АҢСАП, ГИМАЛАЙ АСҚАН КӨШ»
ашық дереккөзі

Жуырда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгi Ақпарат және мұрағат комитетiнiң бағдарламасы бойынша «Бiлiм» баспасынан Әбiлбашар Iлиясұлының құрастыруымен «Қалибек Хакiм туралы естелiктер» (Азаттық аңсап, Гималай асқан көш) деп аталатын кiтап өз оқырмандарымен қауышты. Бұл жинаққа тарихшы ғалымдар мен Қалибек Хакiмнiң ұлы Хасан Оралтайдың жазған естелiктерi енiп отыр.

Қалибек Райымбекұлы – Шығыс Түркiстан қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының бiрi. 1933 жылы Шығыс Түркiстан құпия ұйымын құруға қатысқан. 1940-1946 жылдары Манас-Сауан аудан халқының ұлт-азаттық көтерiлiсiне басшылық жасады. Сауан ауданын азат еттi. 1946 жылы аудан әкiмi боып тағайындалды. Сол жылы Шығыс Түркiстан үкiметi «Халық қаһарманы» атағын бердi. Кейiн шығыс Түркiстан үкiметi коммунистер қуыршағы екендiгiне көзi жеткен Қалибек оған бағынудан бас тартты. 1951 жылы бiрiншi ақпанда Қытай комунистерiнiң тұтқиыл шабуылынан шегiнген ол елiн бастап, Такламан шөлiн кесiп өтiп, Тибет пен Гималай арқылы БҰҰ- 1952 жылдың аяғында Үндiстанның Кашмир аймағына келедi. АҚШ елшiлiгi арқылы БҰҰ-мен байланыс орнатып, Түркияға көшуге рұқсат алады. Соңына ерген 200 түтiннен қалған 124 адамды 1954 жылы 29-шiлдеде Стамбұл қаласына бастап барады. Ұлт азаттығы үшiн тар жол, тайғақ кешудi бастан өткерген алаштың асқақ рухты ұлы туралы қалған қызықты мағлұматтарды «Қалибек Хакiм туралы естелiктер» атты кiтаптан оқысаңыздар болады.

Алғадай АСҚАР