«АЛАҚАНДАЙ ӘҢГIМЕ»

«АЛАҚАНДАЙ ӘҢГIМЕ»

«АЛАҚАНДАЙ ӘҢГIМЕ»
ашық дереккөзі
212

Қазақ прозасын насихаттау және қаламгерлердi колдау мақсатында «Нұр-МЕДИА» баспа үйi мен «Дала мен Қала» газетi «АЛАҚАНДАЙ ӘҢГIМЕ» деген атпен қысқа әңгiмелерге бәйге жариялады. Бәйгенiң басты шарты — әңгiме 100 жолдан аспауы (14 — қарiппен терiлгенде 1 компьютерлiк бет) тиiс болатын. Бәйге жарияланған соңғы ай iшiнде бәйгеге келiп түскен бiрнеше қысқа әңгiмелер «Дала мен Қала» газетiнде жарық көрген едi.

Бәйгенiң шарты бойынша, газет бетiнде төрт қаламгердiң шығармасы жарық көргеннен кейiн оның нәтижесi шығарылып, топжарған әңгiме авторы марапат қағазымен және ақшалай сыйақымен мадақталуы тиiс болатын. Жүлдегерлердi анықтау тәуелсiз сарапшының қатысуымен жүзеге асты. Бәйгенiң тағы бiр ерекшелiгi, бәйгеге қатысушының жасына шек қойылмайды, бәйгенiң алғашқы айналымына қатысқан жазушы кейiнгi айналымдарға да қатысуға құқылы.

«Бәйгенi өткiзудегi басты мақсатымыз — қаламгерлердi ынталандыру. Әсiресе, қазiргi қазақ оқырмандарынының талғамына лайық қысқа әңгiмелердi оқушыға жеткiзу. Әрi, қаламының қуаты бар қыз-жiгiттердi аз-маз болса да, қаржылай қолдау. Бұйырса, бұл игi дәстүрдi үзбей жалғастырып, алдағы күндерде қысқа әңiгмелерден құралған жинақ шығару да ойымызда бар», — дейдi «Нұр-МЕДИА» баспа үйiнiң директоры, «Дала мен Қала» апталығының Бас редакторы Сапарбай Парманқұлов.

Бәйгенiң алғашқы жүлдегерлерi де анықталды. Бiрiншi орынға 7 мың теңге, екiншi орынға 5 мың теңге және үшiншi орынға 3 мың теңге ақшалай сыйақы тағайындалды. Жеңiмпаздар қараша айының соңында марапатталатын болады.

Е.БИТАС

Серіктес жаңалықтары