ҚАРҒАЛАРДАН ҚАЙМЫҚҚАН БҮРКIТ

ҚАРҒАЛАРДАН ҚАЙМЫҚҚАН БҮРКIТ

ҚАРҒАЛАРДАН ҚАЙМЫҚҚАН БҮРКIТ
ашық дереккөзі

Тобыл өзенi қақаған қыстың қыспағына көндiгiп, көк мұз болып шытынап шiреп жатыр. Өзен арнасы кең айдынға айналған. Құсбегiлер үшiн таптырмас жазық алаң.

Осы алаңда халықаралық бүркiтшiлер сайысы өтiп жатты. Қырғыз елiне Өзбекстаннан келген бүркiтшiлер өз қырандарының алғырлығын бiздiң бүркiтшiлермен жарыса көрсетiп жатты. Жиналған жұрт аспаннан құйылып келiп, түлкiге түсiп, қажырлы аш тырнақтарымен түлкiнiң бас жағымен сауырынан бүрiп, түлкiнiң бел омыртқасын сындырып алып жатқанына дән риза болып қол соғып көрiп жатты.

Кезектi көк қыраны – бүркiт аспанға көтерiлiп, қалықтап, жiберiлген түлкiге көз тiгiп шүйiлуге әрекет жасап жатқанда, кенеттен аспанда өзеннiң арнасын бойлап ұшып бара жатқан бiр топ қара қарға пайда болмасы бар ма? Қыран бүркiт жолына кедергi болған бiр қарғаға шүйiлсiн келiп, осы кезде қалған қарғалар бiр топқа жұдырықтай жиналып бүркiтке тап бергенi бар емес пе? Жиналған жұрт «Апырай бұл қалай, қарғалар бүркiтке о заманда бұ заман қарсы келген бе едi?» – деп таң қалысып тұрғанда, әлгi бүркiтiмiз қарғалардың ара-арасымен басын сауғалап, түлкiге түспек түгiлi, қаша жөнелсiн. Сөйтiп, зулап келiп, егесiнiң қолына келiп қаша қонғанын қайтерсiң. Көрермен жұрт қарғалардың бұл батырлығына таң қалысты. «Қарғалар бiрiксе егер топ болып, бүркiтiң кетедi екен жоқ болып», – деп күлiсiп жаттық.

Табиғаттың мұндай сирек кездесетiн көрiнiсiне таң қалмаған жұрт қалмады.

Өскенбай ҚҰЛАТАЙҰЛЫ