БАЛАЛАР САММИТI ӨТТI

БАЛАЛАР САММИТI ӨТТI

БАЛАЛАР САММИТI ӨТТI
ашық дереккөзі
227

Бiрiккен Ұлттар ұйымының «Бала құқықтары туралы» конвенциясының қабылданғанына биыл 20 жыл толды. Осыған орай Астанада Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң бастамасымен «ХХI ғасырдың балалары: бiздiң құқығымыз бен мүмкiндiгiмiз» атты балалар саммитi өттi.

Балалардың заңды құқықтарын қорғауға бағытталған халықаралық маңызы бар құжат – конвенцияны Қазақстанның бекiткенiне биыл 15 жыл. Балалар саммитiне елiмiздiң өңiрлерiнен жастар ұйымдарының 150-ге жуық белсендiлерi келдi. Мақсат – балалар мен жастар арасындағы әлеуметтiк бастамаларды қолдап, олардың бойына патриоттық рух сiңiру. Саммитке қатысушылар «Мен және менiң құқығым», «Мен және әлем», «Мен және БАҚ» тақырыбы аясында өз ойларын ортаға салды. Мұнымен қоса, «Бала құқығы – жас суретшiнiң көзiмен» атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталып, дипломдармен марапатталды.

Бiлiм және ғылым министрi Жансейiт Түймебаев: «Әр елдiң байлығы – ол балалар, балалар елдiң болашағы, жас буын өкiлдерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мемлекет саясатының басты басымдықтарының бiрi болып саналады. Сондықтан да бiз алдыңғы буын балалардың жаппай сапалы бiлiм алуына, денi сау болып өсуiне, өз қабiлеттерiн көрсетуiне барлық жағдай жасап, бақытты балалық шақ сыйлауға барлық күш-жiгерiмiздi саламыз» дедi. Ал, Қазақстандағы ЮНИСЕФ балалар қорының төрайымы Хана Сингер: «Бүгiнгi саммиттiң ең маңыздысы – балалардың Мемлекет өкiлдерiне сұрақ қойып, олардан жауап алуға талпынысы. Бұл балалар құқығын қорғауда сiздердiң елдерiңiздегi жауапкершелiгi мол iстердiң бiрi деп бiлемiн. Бүгiнде әлемнiң барлық мемлекеттерi БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенцияны қабылдағанын баса айтқым келедi. Тек АҚШ пен Сомали ғана бұл құжатты қабылдаған жоқ» деген ойын бiлдiрдi.

Д.Дүрмән

Серіктес жаңалықтары