ЖАС ШЕБЕРЛЕР

ЖАС ШЕБЕРЛЕР

ЖАС ШЕБЕРЛЕР
ашық дереккөзі
836

Қазанның 23-жұлдызында «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» Жастар қанаты «Заңғар» шығармашылық бiрлестiгiнiң ұйымдастыруымен жас қылқалам шеберлерiнiң туындылары Оқушылар сарайының көрмесiне қойылды. Көрме тақырыбы — 2011 жылы Астана және Алматы қалаларында өтетiн қысқы Азиада ойындарын дүйiм жұртқа жариялау және насихаттау.

Сурет көрмесiне Алматы қаласының бiрнеше оқу орындарының өнерпаздары қатысты. Қылқаламның қыр-сырын меңгерiп жүрген жастардың суреттерi болашақ Азиада ойындарын көз алдыңа тұтастай елестеткендей. Көрме қонағы ретiнде Алматы қаласы әкiмдiгi Азия ойындары Дирекциясының орынбасары — Ж.Марденов, Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының кескiндеу және мүсiн факультетiнiң деканы — Б.Байдiлдәұлы және тағы да басқа суретшi даярлап отырған азаматтар қатысты.

Аталмыш көрме болашақ суретшiлердiң қарым-қабiлетiн танытып, елiмiздiң ертеңiне зор үлес қосатындарын байқатты. Елбасы Н.Ә.Назарбаев ертеңгi ұрпаққа деген сенiм туралы бiрде «Бiздiң арманымызды алға апару ендi жастарға жүктеледi. Сендер қазақтың көк туын желбiретiп, бiзден биiк апармасаңдар, тәуелсiздiктiң тағдыры қиын болады» — деп баса айтқан болатын. Ендеше, болашақ — жастарда.

Ақниет Бейiмбетқызы

Серіктес жаңалықтары