IШКI ЖАЛПЫ ӨНIМ: 0,1 ПАЙЫЗҒА ҚАНАҒАТ

IШКI ЖАЛПЫ ӨНIМ: 0,1 ПАЙЫЗҒА ҚАНАҒАТ

IШКI ЖАЛПЫ ӨНIМ:  0,1  ПАЙЫЗҒА ҚАНАҒАТ
ашық дереккөзі
268

Үкiмет былтыр 3,2 пайызға дейiн өскен iшкi жалпы өнiм деңгейi биыл 0,1 пайыздың төңiрегiнде болатынын көлденең тартады. Ал Халықаралық қаржы қорындағылар қазақстандық IЖӨ-нiң биыл – 2 пайызға, ал келесi жылы тағы да 2 пайызға дейiн төмендейтiнiн айтып отыр.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiндегiлердiң хабарлауынша, үстiмiздегi жылы ауыл шаруашылығына тиесiлi iшкi жалпы өнiм 6 пайызға артатын көрiнедi. Аталған көрсеткiштi биыл 3 пайызға арттыруға нұсқау алғанын көлденең тартқан министр Ақылбек Күрiшбаев сейсенбiдегi үкiметтiк отырыста: «Алғашқыда бiз 4,8 пайыздық меженi көздеген едiк, бiрақ қазiр дәндi-дақылдар мен май өнiмдерiн жасайтын егiннiң жалпы көлемiн есептей отырып, ЖIӨ деңгейiн 6 пайызға арттыруға мүмкiндiк барын болжадық» дедi. Ресми деректерге сүйенсек, 2009 жылы елiмiзде 20 млн. тоннадан астам астық жиналмақ. Сонымен қатар IЖӨ-ге қатысты есептерiн тыңдаған ҚР Премьер-министрi Кәрiм Мәсiмов iшкi жалпы өнiм көлемiн барынша ұлғайтуға баса назар аудару мақсатында әкiмдерге арнайы тапсырма бергенiн және олардан жүйелi түрде ақпарат алып тұратындығын жеткiздi. ҚР Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Бақыт Сұлтановтың мәлiмдеуiнше, биылғы IЖӨ-нiң нақты өсiмi былтырғы көрсеткiштерге қарағанда, 0,1 пайызға артық болатын көрiнедi: «Ол үшiн бiрiншi және екiншi тоқсандағы IЖӨ нақты өсiмiн есептей отырып, 3-4 тоқсанда IЖӨ-нi 11,3 пайызға өсiрудi қамтамасыз ету қажет». Министр биыл ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсiбi саласында едәуiр iлгерiлеушiлiк байқалғанмен, құрылыс, сауда сияқты басқа салаларда сандық көрсеткiштер болжанған межеден әлдеқайда төмен болғандығын жеткiздi. Отандық шағын және орта кәсiпкерлiктiң соңғы екi сала төңiрегiне шоғырланғанын ескерсек, стистикалық көрсеткiштердi жақсартуда жергiлiктi әкiмдер бiраз тер төгу керектiгi айқын. Тамыз айының басында ҚР Үкiметi 2009-2011 жылдарға арналған IЖӨ өсiмiнiң жыл сайынғы деңгейiн 1-3 пайызға дейiн төмендеткен болатын. Оған себеп, әлемдiк экономикалық дағдарыс пен халықаралық нарықтағы мұнай бағасының арзандауы. Сол кезде ҚР Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi 2009 жылдың IЖӨ көрсеткiшiн 0-ден 1 пайызға дейiн болжаған едi. Ал Халықаралық қаржы қоры үстiмiздегi жылдың 8 маусымы күнi Қазақстанның IЖӨ көлемi 2009 жылы – 2 пайызға, 2010 жылы 2 пайызға төмендейтiнiн айтты.

Қыркүйек айында ҚР Ұлттық банктiң төрағасы Г.Марченко: «Бiздiң бағамыз (IЖӨ-ге қатысты – Н.Ж.) былай: бiрiншi тоқсанда – минус, үшiншi тоқсанда – 0-дiң төңiрегiнде, ал төртiншi тоқсанда өседi. Жалпы алғанда, бiздiң болжам – экономикалық көрсеткiштер бойынша 0,1 пайыздан 0,3 пайызға дейiн. Бастапқыда жалпы көлемi 0-1 пайыз деп болжаған едiк, одан кейiн осы деңгейдi нақтыладық» деп мәлiмдей келе, 2008 жылы 3,2 пайызға дейiн өскен IЖӨ-нiң 2009 жылдың алғашқы жартысында 2,3 пайызға төмендегенiн көлденең тартқан. Ресми деректер 1 пайыз IЖӨ 16 трлн. 865,2 млрд. теңгеге теңгерiлетiнiн айтады.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары