ТӘУЕЛСIЗ САРАПШЫЛАР АЛЬЯНСЫ ҚҰРЫЛДЫ

ТӘУЕЛСIЗ САРАПШЫЛАР АЛЬЯНСЫ ҚҰРЫЛДЫ

ТӘУЕЛСIЗ САРАПШЫЛАР АЛЬЯНСЫ ҚҰРЫЛДЫ
ашық дереккөзі

Өткен сейсенбiде Қазақстанның тәуелсiз сарапшылары мен ұйымдары бiрiгiп, кәсiби «Сарапшылар альянсын» құрды. Альянсты құруға түрткi болған жетi сараптамалық ұйымның мүшелерi Досым Cәтпаев, Айдос Cарым, Нұрлан Ерiмбетов, Айтолқын Құрманова, Толғанай Үмбеталиева, Есенжол Алияров және Андрей Чеботарев сынды азаматтар бiрiншi болып мүшелiкке өттi. Аталмыш идеяның негiзi Қазақстан саясаттанушыларының II конгресiнде жан-жақты қарастырылған болатын.

Альянстың көздегенi елде белең алып жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтiк маңызы бар оқиғаларға сараптама жасап, бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттiк құрылымдарды нақты және толық ақпаратпен қамтамасыз ету. «Кез келген ұйым мен сарапшының жасаған талдаулары ешкiмнiң де құлағына жетпейдi. Тар шеңберде айқайлап қала бередi. Жұмыла көтерген жүк жеңiл емес пе? Ендеше алпауыт сараптамалық орталықтың елге пайдасы мол болары сөзсiз» дейдi Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қордың төрағасы Айдос Сарым. Расында, сарапшылар альянсының алдына қойған мақсаты көңiл көншiтерлiк. Ең бастысы саяси сараптама қазақ тiлiнде де сөйлейтiн болады және жазғы уақытта жас саясаткерлерге арнайы сабақ жүргiзiлетiндiгi де қуантады. Сондай-ақ, қазақ тарихындағы үш тiлде саяси сөздiк жасалмақ.

А.БЕЙIМБЕТҚЫЗЫ