МҰРЫН ЖЫРАУҒА — 150 ЖЫЛ

МҰРЫН ЖЫРАУҒА — 150 ЖЫЛ

МҰРЫН ЖЫРАУҒА — 150 ЖЫЛ
ашық дереккөзі
388

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Тiл комитетi М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен бiрлесе отырып, Қазақстан халқы тiлдерiнiң ХI фестивалi аясында "Жыраулық дәстүр жауқарлары" атты Мұрын жырау Сеңгiрбекұлының 150 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өттi.

Конференцияның мақсаты — қазақ халқының сан ғасырлық мол асыл қазынасының iнжу-маржандарын кеңiнен насихаттау, жыраулық дәстүрдi, соның iшiнде Мұрын жыраудың асыл мұрасын келер ұрпаққа насихаттау, жастарымызды отансүйгiштiкке, атамекен мен туған елдi қорғауға баулу.

Конференцияға ҚР Парламентi Сенаты мен Мәжiлiсiнiң депутаттары, ҚР Президентi әкiмшiлiгi мен ҚР Премьер-министрi Кеңсесiнiң жауапты қызметкерлерi, ұлы жырау шығармашылығын зерттеушi ғалымдар, жыршылар, БАҚ өкiлдерi қатысты. Конференцияның ашылу салтанатында сөз алған Мәдениет және ақпарат министрi Мұхтар Құл-Мұхаммед жиналған қауымды құттықтап, жырау мұрасының келер ұрпаққа насихатталуына жiтi тоқталды. Конференцияның екiншi бөлiмiнде Мұрын Сеңгiрбекұлының бiзге жеткiзiп кеткен асыл қазынасы "Қырымның қырық батыры" жырынан А.Алматов, Б.Әлiмжанов, Ж.Жәмеков, Т.Бисенбаев, А.Көмеков сияқты айтулы жыршылар Мұрын жыраудың шығармашылығынан үзiндiлер орындады.

Д.Дүрмән

Серіктес жаңалықтары