ЕРЖАН ТӘТIШЕВТI ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН СПАРТАКИАДА

ЕРЖАН ТӘТIШЕВТI ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН СПАРТАКИАДА

ЕРЖАН ТӘТIШЕВТI ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН СПАРТАКИАДА
ашық дереккөзі
300

«Қостанай минералдары» АҚ-ның арнайы шақыруымен 27 қыркүйек күнi Алматы әуежайынан Қостанай қаласына «Эйр-Астана» компаниясының «Боинг» самолетiмен жолға шықтық. Компания қызметкерлерiнен басқа делегацияның құрамында құрметтi қонақ ретiнде шақырылған Нүрiлдайым Тәтiшев (Ержанның әкесi), Мұса Өтемiсов және мен бармыз.

Арқаның самал желi бетiңнен сипап қарсы алғандай. Жiтiқара қаласы Қостанайдан 200 шақырым.

Осы қалада Ержан Тәтiшевке арналған еске алу спартакиадасы – баскетбол, суға жүзу, волейбол, футбол, бильярд сияқты спорт түрлерiнен жарыс өтпекшi.

«Қостанай минералдары» АҚ-ның басшылары Ержанның құрметiне арналған осындай кездесулердi әр жылы өткiзуге шешiм қабылдапты. Биылғы кездесу 27 қыркүйек күнi комбинаттың салтанатты залында өтiп жатты. Кездесуге Ержанның туыстары, Алматыдан, Ясныйдан (Ресей) Қостанайдан келген қонақтар «Қостанай минералдары» АҚ-ның қызметкер мамандары, Жiтiқара қаласының көптеген белгiлi кiсiлерi қатысты. Кездесуге арнайы шақырылған Қазақстанның халық ақыны, Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ «Өнер» студиясының директоры Әсия Беркенова, белгiлi қазақ жазушысы, журналист-публицист, ақын Ақылбек Шаяхмет, жергiлiктi ақын Людмила Вилейто қатысты.

28-30 қыркүйек күндерi спорттың алты түрiнен жарыс өтiп, бiрiншi орынға төрт команда қатысты. Бiр айта кететiн жағдай команда мүшелерi баскетбол, волейбол, футбол, бильярд сияқты спорт түрлерiне үш күн бойы қатысты. «Қостанай минералдары» АҚ-ның президентi Еркiн Тәтiшев, басқарма бастығы Қанат Жүсүпов уақыттарының тығыздығына қарамастан барлық спорт түрiне қатысып жүрдi.

30 қыркүйек күнi түстен кейiн халықаралық Ержан Тәтiшевтi еске алу спартакиадасы межесiне жетiп, жабылу салтанаты өттi.

Командалық бiрiншi орынға КМ – «Қостанай минералдары» командасы, екiншi орынға ОМ – «Орынбор минералдары», үшiншi орынға – КУСТО (Алматылықтар), төртiншi орынға – Жiтiқара командасы ие болды. Барлық командаларға жүлде берiлдi.

Өскенбай Құлатайұлы

Серіктес жаңалықтары