«АДАМДЫҚ БОРЫШЫҢ...»

«АДАМДЫҚ БОРЫШЫҢ...»

«АДАМДЫҚ БОРЫШЫҢ...»
ашық дереккөзі

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгi, Астана қалалық Бiлiм басқармасы мен «Ынсап» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ҚР Президенттiк мәдениет орталығында 2009 жылдың 20 қарашасында оқушылар арасында өтетiн «АДАМДЫҚ БОРЫШЫҢ…» атты Шәкәрiм мұраларын жатқа айтушылар байқауын жариялайды.

Адамзат дүниетанымына өзiндiк iзiн қалдырған, қазақ халқының ғасырлардан берi жалғасып келе жатқан руханиятының көшбасшысы, дана, кемеңгер атамыз ШӘКӘРIМ ҚҰДАЙБЕРДIҰЛЫНЫҢ мұраларын насихаттау бағытында өтетiн бұл байқаудың мақсаты – өскелең ұрпаққа отансүйгiштiк тәрбие беру мен бабалар мұрасына деген жастардың құрметiн арттыру.

Шәкәрiм мұраларын жалпы адамзатқа ортақ қазына деп бағалай отырып, бұл асыл мұраны ең алдымен оқушылардың жаттап, меңгеруi «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы мен «Мәдени мұра» мемлекеттiк бағдарламасында көрсетiлген ұлттық құндылықтарды насихаттауға, ұлт тұтастығын нығайту мiндеттерiн жүзеге асыруға зор үлес қосады деп сенемiз.

Байқауға 8-11 сынып оқушылары қатыса алады.

Қатысушыларға қойылатын байқау шарттары:

I кезең: «Талап» атты iрiктеу кезеңi. Шәкәрiмнiң өлеңдерiн кез келген жерiнен жалғастырып әкетуi керек.

II кезең: «Бiлiм» сұрақ-жауап кезеңi. Шәкәрiмнiң өмiрiне және шығармашылығына арналған сұрақтарға жауап беруi керек.

III кезең: «Таза ақыл» кезеңi. Шәкәрiмнiң кез-келген өлеңiн мәнерлеп оқып, содан кейiн сол өлеңiне талдау жасайды. Яғни өлеңнiң мәнiн, мағынасын түсiндiредi.

БАЙҚАУҒА IРIКТЕЛГЕН ӨЛЕҢДЕР ТIЗIМI:

1. Адамдық борышың

2. Айна қойдым алдыма

3. Ақылдан ойға сыр тарап

4. Анық асық-әулие

5. Атадан қалған ақ сауыт

6. Аурусыз жанға айла жоқ

7. Бiреудiң мiнiн кешiрсең

8. Бостандық таңы атты

9. Жапанда жалғыз жаттым…

10. Ғылымсыз адам – айуан

11. Мал да аяулы…

12. Мен – бiр тiлсiз көлiкпiн

13. Мен кетемiн, келедi…

14. Шаранамен туып едiң…

15. Шыннан өзге Құдай жоқ

16. Ажал, маған арақ берсең…

17. Анадан алғаш туғанымда

18. Ақыл құсы адаспай аспандаса

19. Бас көзiмен қарасаң, нәпсi – жалған

20. Баяғыда жас бала едiң сен

21. Бұл кездегi дiндердiң бәрi нашар

22. Жер жүзiне қарасам

23. Жолама, қулар маңайға

24. Күн аязда терезеге

25. Қырықтан соң иманым

26. Өлiмнiң хақ екенiн көрсең де

27. Сорлы бұлбұл жазға асық боп

28. Шын асықтың әрбiрi

29. Шын жаным…

30. Шын ақыл…

Байқау жеңiмпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады:

Бас жүлде – бiреу

1-орын – бiреу

2-орын – екеу

3-орын – үшеу

Сондай-ақ, байқауға қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары мен мақтау қағаздары берiледi.

Өтiнiштi ұйымдастыру комитетiнiң электрондық поштасына немесе мына мекен-жайға 3-қарашаға дейiн жолдауларыңызды өтiнемiз:

Мекен-жайы: 050010 Астана қ. Юго-восток ы/а, Бұқтырма көшесi, 7-үй.

Анықтама телефондары:

8 (717) 229-89-66 «Ынсап» қоғамдық қоры

8 (777) 653 20 83

8 (701) 908 35 56 Ибраев Жасын.

Е-mail: shakarim150@rambler.ru, zhasyn83@mail.ru