GLOBAL FINANCE ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 2009 ЖЫЛДЫҢ ҮЗДIК БАНКIН АТАДЫ

GLOBAL FINANCE ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 2009 ЖЫЛДЫҢ ҮЗДIК БАНКIН АТАДЫ

GLOBAL FINANCE ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 2009 ЖЫЛДЫҢ ҮЗДIК БАНКIН АТАДЫ
ашық дереккөзі
239

Халықаралық «Global Finance» жорналының (www.gfmag.com) жылдық сауалнамасы бойынша, дамушы нарықтағы 2009 жылдың үздiк банктерiн атады.

Қазақстанның үздiк банкi болып Қазкоммерцбанк танылды.

«Best Emerging Market Bank 2009» марапаттау рәсiмi жыл сайын Стамбулда қазан айында өтетiн Әлемдiк банк пен Халықаралық валюта қорының жиынында өткiзiлетiн болады.

«Банктер мен олардың клиенттерi үшiн ауыр кезең өтiп жатқанына бiз де алаңдаудамыз, – дедi «Global Finance» жорналын шығарушы баспагер Джозеф Джаррапуто. – Қазiр клиенттер өздерiнiң әрiптес банктерiнiң құзiретiне ауыр талаптарды қоятыны белгiлi, сондықтан бұл бағытта үздiктер болып саналатын банктердi анықтадық».

158 мемлекетте 180 мың оқырманы бар Global Finance жорналы 16 жыл бойы дамушы нарықтағы – Азияның, Африка, Таяу Шығыс, сондай-ақ, Латын Америкасы, Орталық және Шығыс Еуропаның банк саласындағы үздiк өкiлдерiн таңдап келедi.

Серіктес жаңалықтары