АСТЫҚТЫҢ ДЕНI ТӘУIР. ДЕГЕНМЕН...

АСТЫҚТЫҢ ДЕНI ТӘУIР. ДЕГЕНМЕН...

АСТЫҚТЫҢ ДЕНI ТӘУIР. ДЕГЕНМЕН...
ашық дереккөзі

Тәуiр астық жиналса, «Ауа райының қолайсыздығына қарамастан…» деп бастайтын едiк сөзiмiздi осыдан жиырма жыл бұрын. Жiбi түзу ақпар беруге келгенде алдымызға жан салмайтынбыз кеңестiк кезде. Бұл үрдiс инерция заңдылығымен бiразға дейiн iлескенi бар.

Қазiр «алтын орақ» науқаны. Ауыл шаруашылығы мамандарының нақ ысылатын да, қысылатын да шағы. Ысылатыны — Отан қамбасы жұпыны болмауы үшiн, дихандар қауымы ақ тер-көк тер боп, күндi түнге, түндi күнге ұластырып еңбек етiп жатыр. Қысылатыны — аспан түнере қалса болды, байбалам жасап, асып-сасатынымыз бар.

Биыл Қазақ жерiне ауа райы мейлiнше қарайласты.

— Қазақстан биыл 18 миллион тонна астық жинайды — деп мәлiмдедi, Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрi Ақылбек Күрiшбаев. Егiстiк алқап 16,8 миллион гектарды құраған. Министр айтқан әңгiмеге сенсек, бункерлiк салмақта 85,4 пайыз астық жиналды, ал бұл 17,7 миллион тонна деген сөз. Былтыр бункерлiк салмақ өлшемi бойынша 17 млн. тонна астық жиналған. 7,8 млн.тонна астық экспортқа шығарылады.

— Сапа тұрғысынан алар болсақ, астықтың денi жақсы, — дейдi А.Күрiшбаев. — Әрине, бұған тамыз айында болған жауын-шашынның пайдасы да көп тидi. Соның нәтижесiнде сабақтан iрi дән өнiп шықты. Ал оның сапаға тiкелей байланысы бар.

Бұл аралықта «КазАГРО» мемлекеттiк холдингiнiң құрамына кiретiн Қазақстанның азық-түлiк корпорациясы iшкi рыноктан жаңа өнiмнен 3 млн.тоннаға дейiн астық сатып алудың қам-қарекетiн жасап жатыр. Тоннасы 165 доллар, яғни 24 750 теңге деп белгiленген. Бұл әрекет әуелi астық өнiмдерiнiң тым шарықтап кетпеуiнiң амалын жасаса, екiншiден, шалғайдағы шаруалардың бiрқатар мәселесiн шешiп тастайды екен.

Бұл жөнiнде Парламент мәжiлiсiнiң депутаты Бауыржан Смайылов та дабыл қағып жатыр. Премьер-министр Кәрiм Мәсiмовке депутаттық сауал жолдаған ол: “егер бұл мәселенi сағыздай созатын болса, шаруаларға шекеден қарағанымыз былай тұрсын, астыққа деген құнды жоқ жерден құлдыратып аламыз”, — деп ескерту жасады.

Ғалымжан Мелдеш