ЕЛШIЛIК АУЫЗАШАР БЕРДI

ЕЛШIЛIК АУЫЗАШАР БЕРДI

ЕЛШIЛIК АУЫЗАШАР БЕРДI
ашық дереккөзі
340

Қасиеттi Рамазан айының да аяқталуына санаулы күндер қалды. Сондай санаулы күндердiң бiрiнде АҚШ-тың Қазақстандағы елшiлiгi қазақ журналистерiне және дiн өкiлдерiне арнап дастархан жайып, ауызашар бердi. Елшi Ричард Хоугландтың өзi мұсылмандарға “Оразаларыңыз қабыл болсын!” деп тiлек айтып, АҚШ президентi Барак Обаманың әлем мұсылмандарына арнаған құттықтауын оқыды.

Кездесуге Қазақстандағы белдi телеарналар мен басылымдардың басшылары және тiлшiлерi, Қазақстан Мұсылмандары дiни басқармасы төрағасының орынбасары Мұхамед-Хусейiн Алсабеков қатысты. Бұдан соң журналистер қауымы Америка елшiсiмен түрлi тақырыптарға әңгiме-дүкен құрды. АҚШ-тың мұсылмандарға қатысты саясаты, әлемдегi маңызды саяси оқиғалармен қоса қазақ қоғамындағы күрделi өзгерiстер мен өзектi мәселелер әңгiмеге арқау болды. Журналистер АҚШ елшiсiнiң ашық-жарқын әңгiмесiне риза болып тарқасты. Ал Хоугланд мырза болса, ел iшiндегi көптеген жаңалықтардан хабардар болғанын айтып, мұндай кездесулердi жиi өткiзiп тұруға уәде бердi.

Г.БЕКТАСОВА

Серіктес жаңалықтары