“ЭЙР АСТАНА” ӘУЕ КОМПАНИЯСЫН “ҚАРА ТIЗIМГЕ” ЕНГIЗУI АҚИҚАТҚА ЖАТПАЙДЫ

“ЭЙР АСТАНА” ӘУЕ КОМПАНИЯСЫН “ҚАРА ТIЗIМГЕ” ЕНГIЗУI АҚИҚАТҚА ЖАТПАЙДЫ

“ЭЙР АСТАНА” ӘУЕ КОМПАНИЯСЫН “ҚАРА ТIЗIМГЕ” ЕНГIЗУI АҚИҚАТҚА ЖАТПАЙДЫ
ашық дереккөзі
193

“Эйр Астана” әуе компаниясы Еуроодақ әуекомпанияны Еуропаға ұшуға тыйым салынған әуе компаниялардың “қара тiзiмiне” енгiзбегенi туралы мәлiмдейдi. 2009 жылдың 29 тамыз күнi “Время” газетiнде жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейдi.

Газет Еуроодақтың залалды заттар жөнiндегi талаптары туралы жазғанын айтатын болсақ, Еуропа өкiметi Еуропаға ұшатын барлық әуе компаниялар ұшақтарының реактивтi қозғалтқыштарының шығарылуына квота енгiзбек. Сонымен, әуе компаниялардың бәрi Еуропаға қатынайтын бүкiл рейстердi Еуроодақ белгiлеген тарифтер бойынша төлейтiн болады. Төлем мөлшерi ұшу жиiлiгiне және ұшаққа қойылған авиациялық қозғалтқыштың түрiне байланысты. Әуе компания Еуропаға жиi ұшса, онда шығарылу үшiн төлем көбiрек болады. “Эйр Астана” АҚ Еурокомиссия 2009 жылы 29 шiлде күнi қабылдаған шешiмi бойынша Еуропаға қатынайды және бұрыңғыдай Қазақстанның мұндай ұшуға рұқсат алған жалғыз компаниясы болып қала бередi. Еурокомиссия тұрақты түрде қара тiзiмге енген әуе компаниялар жөнiндегi шешiмдерiн қайта қарайды. “Эйр Астана” әуе компаниясы пайдаланатын барлық әуе кемелер (ИКАО) Азаматтық авиациясы Халықаралық ұйымының және (EASA) авиациялық қауiпсiздiгi Еуропа агенттiгiнiң стандарттарына сәйкес және Еуроодақ аймағында рейстер орындауға толық рұқсат алған. Үстiмiздегi жылдың маусым айында әуе компания әуе көлiгi EASA-145 талаптары бойынша әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетуге Халықаралық қауымдастығының (IOSA) операциялық қауiпсiздiгi Аудитiнен сәттi өттi. Қазақстанмен қатар, әуе компанияның қызметi Ұлыбритания мен Аруба авиациялық өкiметi техникалық қызмет көрсету стандарттары жөнiнде әуе компания жұмысын тұрақты қадағалайды.

Серіктес жаңалықтары