“ТЕМIРБЕТОН-1”-де ТЕМIРДЕЙ ТӘРТIП БАР

“ТЕМIРБЕТОН-1”-де ТЕМIРДЕЙ ТӘРТIП БАР

“ТЕМIРБЕТОН-1”-де ТЕМIРДЕЙ ТӘРТIП БАР
ашық дереккөзі
254

Негiзiн 1954 жылы қалаған “Темiрбетон-1” ЖШС елiмiздегi темiр бетон өнiмдерiн өндiретiн және конструкциялайтын iрi өндiрiс орындарының көшбасшысылары қатарында саналады. Бастапқыда кәсiпорын тоқыма комбинатының құрылыс нысандарына темiрбетон дайындайтын.

Өткен ғасырдың 60 жылдары арматура цехы мен қалып жасайтын өндiрiс корпусы соғылды. Ал, 1974 жылы панельдi өндiрiс цехы салынды. 1979 жылы қабырғаларды бөлу плиталарын өндiретiн цехтар пайдалануға берiлдi. Ол плиталар балабақшалар мен мектеп ғимараттарын салуға пайдаланылды. Сол кездiң өзiнде СУБС-4 басқару жүйесi бойынша жартылай автоматтандырылған бетон араластыратын цехтар iске қосылды. Олар күнi бүгiнге дейiн жұмыс iстеп келедi. 1990 жылдары болған тоқырауға қарамастан өндiрiстiң қуаты жылына 89 мың текше метрге жеттi.

Аталған серiктестiк тек қана бетон дайындаумен ғана шектелген жоқ. Жол құрылысын салу, абаттандыру, жол өндiрiсiн игеру және жиек жолдарды заман талабына сай көрiктендiруге, су ағатын арықтар мен жылу жүйелерiн және құбырларды жөндеуге пайдаланылатын плита өнiмдерiн шығарумен айналысуда. Соңғы уақытта зауыт Астана құрылысы үшiн ұзын плиталар шығаруды да қолға алды. Елiмiздiң Батыс өңiрiндегi газ бен мұнай өндiру жұмыстарын жүзеге асырып жатқан Трансстроймост, Мехстройсервис компанияларын темiрбетон бұйымдарымен жабдықтауда. Бұл күндерi “Темiрбетон-1” ЖШС шығаратын өнiмдер 50 типтiк мөлшердi қамтиды.

Заман талабына сай құрылыс материалдарын шығарған кәсiпорын 2003 жылы халықаралық ИСО – 9001:2000 сертификатына қол жеткiздi. Ал, 2006 жылы МС ИСО – 9001:2000 сертификатын иелендi. “Темiрбетон-1” ЖШС бетон және темiрбетон өнiмдерiн өндiру мен конструкциялайтын қоғамның сұранысына, халықтың игiлiгiне қызмет етiп келе жатқан бiрден-бiр кәсiпорын.

2005 жылы кәсiпорында герман өндiрiсiнiң “ELBA” маркалы бетон араластырғышы пайдалануға берiлдi. Ол сағатына 120 текше метрге дейiн өнiм шығаруға мүмкiндiгi бар. Мiне, жыл озған сайын жоғары өнiмдiлiкке қол жеткiзу нәтижесiнде кәсiпорын 55 жылдан берi өз әрiптестерiнiң арасында алдына жан салмай келедi. “Темiрбетон-1” компаниясы 30 корпаративтi көшбасшының қатарынан орын алу үшiн елге тек сапалы өнiм мен үлкен күш-жiгер жұмсап келедi. Айта кету керек кәсiпорын соңғы 3 жылдың iшiнде экономика саласында айтарлықтай көрсеткiшке ие. Еңбек өнiмдiлiгi соңғы екi жылда 15 пайызға артқан. Өндiрiс орнының басты мақсаты – халықаралық стандартқа сай сапалы өнiм өндiру. Компания бүгiнгi таңда жыл сайын 95 мың текше метр құрама бетон, 500 мың текше метр құрама бетон, 50 мың тонна тауарлы арматура және тәулiгiне 160 дана қуыс плита шығаруға қабiлеттi. Мұның бәрi темiрдей тәртiптiң нәтижесi.

Осы мақтаулы компанияны 2007 жылдан берi Мұрат Мұхамбетғалиұлы мырза басқарып келедi.

С. ӘБДIКӘРIМОВА

Серіктес жаңалықтары