АҚБАСТАУДА АУЫЗСУ ЖАЙЫ ШЕШIЛЕТIН БОЛДЫ
АҚБАСТАУДА АУЫЗСУ ЖАЙЫ ШЕШIЛЕТIН БОЛДЫ
Ауданның 2005-2010 жылдарға арналған “Таза су” бағдарламасына сәйкес, Ақбастау елдi мекенiндегi ауызсу құбырының құрылыс нысаны 2007-шi жылы басталып, сол жылы республикалық бюджеттен 34 миллион 627 мың теңге бөлiнiп, құрылыс-монтаждау кезеңнiң алғашқы жұмысы атқарылған едi.
Аудандық құрылыс бөлiмiнiң тапсырыс беруiмен “СанТехВодоПроект” ЖШС-i жобалап, “Жамал-РМ” ЖШС-i мердiгер ретiнде қолға алған бұл тiрлiк 2009-шы жылы аяқталуы тиiс болатын. Құрылыс жұмысы үшiн 2008-шi жылы бөлiнген 97 миллион 942 мың теңге толығымен, үстiмiздегi жылы бөлiнген 18 миллион 921 мың теңгенiң күнi бүгiнде 11 миллион 449 мың теңгесi игерiлiп отыр.
Қазiргi кезде су мұнарасы орнатылып, су жүйесi бойындағы құбырларды салу мен бекеттi қоршау және насос қондырғылары мен 2 дана су сақтағыш салынып аяқталды. Су құбырының ұзындығы 14,3 шақырымды құрап отыр.
Бүгiнгi таңда көше бойларына қысыммен су берiлiп, тексерiлуде. Мердiгер мекеме бұл құрылысты тамыз айында халық игiлiгiне пайдалануға ұсынбақшы. Сол уақытта осындағы 365 үй таза ауызсуды пайдалануға қол жеткiзедi. Бұл ақбастаулық тұрғындардың көптен бергi арманы. Ал ол күнде алыс емес секiлдi.
Садық КЕНЖЕБАЕВ,
Оңтүстiк Қазақстан облысы, Бәйдiбек ауданының әкiмi