ШЫМКЕНТТIК ШӘКIРТТЕР – ПАРИЖДЕ

ШЫМКЕНТТIК ШӘКIРТТЕР – ПАРИЖДЕ

ШЫМКЕНТТIК ШӘКIРТТЕР – ПАРИЖДЕ
ашық дереккөзі
156

Қазақстан-Франция Казатомөнеркәсiп-Арева компанияларының бизнес форумы аясында Созақ ауданы аумағында жер қойнауы қазба байлықтарын игеру мақсатында жұмыс атқарып жатқан “КАТКО” бiрлескен кәсiпорынын басшыларымен аудан басшыларының келелi келiсiмдерiнiң нәтижесiнде атаулы компания жылда мектеп оқушыларының жазғы демалыстарында Франция мемлекетiнiң әсем қалаларында демалып қайту шараларын ұйымдастыру мен бiлiм ұясын үздiк бiтiрген түлектердiң жоғарғы бiлiм ордаларында бiлiм алуларына ықпал жасауды соңғы жылдары жақсы үрдiске айналдырып отыр.

Айталық 2006-2008 жылдары өндiрiс орындарын жергiлiктi мамандармен қамтамасыз ету негiзiнде аудан мектептерiнде үздiк оқып бiтiрген түлектерiмiз Мырзаханұлы Сәбит, Сапарова Салтанат, Бекенов Әбдiрахман “КАТКО” БК демеушiлiгiмен Франция мемлекетiнде бiлiм алып, қазiргi таңда осы бiрлескен кәсiпорнында жұмыс iстеуде. Сол сияқты және бiр түлегiмiз Нұржан Отаубаев қазiргi таңда Франция елiнде бiлiм алуда. Осы дәстүрдiң жалғасы ретiнде 2008 жылы мектептi үздiк тәмәмдаған 10 оқушыға аталған кәсiпорын демеушiлiгiмен Франция мемлекетiнде арнайы оқу орындарында оқыту үшiн Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарында оқумен қатар, француз тiлiне қосымша дайындалып, оларға 26 мың теңге көлемiнде қосымша шәкiртақы төленуде.

Мектепте үздiк оқитын, әрi белсендi оқушыларды ынталандыру мақсатында әр ауыл әкiмшiлiктерiнiң аз қамтамасыз етiлген отбасылардан 2006 жылы – 10, 2008 жылы – 11 оқушы жазғы демалыстарында Франция елiнiң сұлу қалаларында 10 күннен демалып қайтқан болатын. Ал биылғы жылы 12 ауыл әкiмшiлiгiнен шыққан үздiк әр аз қамтамасыз етiлген отбасыларының балалары 26 шiлде күнi Алматы әуежайынан Амстердам қаласы арқылы Парижге аттанды. ОҚО Созақ ауданының әкiмi С.Әбдiқұлов шетелге саяхатқа шыққалы отырған оқушыларды ата-аналармен “КАТКО” БК өкiлдерiнiң қатысуымен аудан әкiмшiлiгiнiң кiшi мәжiлiс залында қабылдап, сәттiлiк тiледi.

Нұржамал МАЙУСОВА,

Оңтүстiк Қазақстан облысы, Созақ ауданы

Серіктес жаңалықтары