ТЕСIК ШҰЛЫҚ

ТЕСIК ШҰЛЫҚ

ТЕСIК ШҰЛЫҚ
ашық дереккөзі
222

Бiр бай кiсi дүниеден өткелi жатады. Жалғыз баласын шақырып, ақырғы сөзiн айтпақшы болады.

Баласы әкесiнiң қасына келiп, әкесiмен қоштасып, көзiне жас алады. Сонда әкесi, “балам, жылама өмiр жалған, әрбiр дүниеге келген адамның өлерi хақ” дейдi де баланың қолына. “Балам, мына хатты менен жан шыққан кезде ашып оқырсың, ал мына екiншi хатты менi жерлеп келген соң ашып оқырсың” дейдi де, көз жұмады.

Баласы жылап-еңiреп отырып, бiрiншi хатты ашып оқыса, мынандай жазу бар екен: “Балам, менiң төсегiмнiң астында тесiк шұлығым жатыр, соны маған кигiзiп көмiңдер” дептi әкесi.

Әкесiнiң соңғы өтiнiшiн орындамақ болып, баласы әкесiнiң аяғына тесiк шұлықты кигiзейiн десе, жаназасын шығарушы молда қарсы болып кигiзбейдi. “Әкемнiң соңғы өтiнiшi ғой кигiзейiн”, десе де молда көнбейдi. Сонымен, баласы сол елдегi молдаларды жинап, әкесiнiң хатын оқып бередi. Молдалардың “Кигiзейiк, әкесiнiң соңғы өтiнiшi орындалсын”, десе, “көпшiлiк жағы жоқ болмайды бұл шариғатқа дұрыс емес” деп ақыры кигiзбейдi. Ақыры марқұмды ақтап – арулап жаназасын шығарып, жерлейдi. Жерлеп болып келгеннен кейiн, ас берiлiп құран оқылып болғаннан соң, баласы әкесiнiң екiншi хатын ашады.

Ол хатты былай жазылыпты: “Балам, көрдiң бе маған жалған дүниеден тесiк шұлық та бұйырмады. Адам өлгенде ешнерсенi өзiмен алып кетпейтiнiне көзiң жеттi ме, ылажы болса тiрi кезiңде кедей-кепшiкке, жоқ-жұқанаға, жетiм-жесiрге көмегiңдi аяма” делiнiптi соңғы хатында.

Бұдан артық ақыл-өсиет бар ма екен тiрi пендеге.

Өскенбай ҚҰЛАТАЙҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары