ИЕСIЗ ЖАТҚАН ЖЕР ЖОҚ

ИЕСIЗ ЖАТҚАН ЖЕР ЖОҚ

ИЕСIЗ ЖАТҚАН ЖЕР ЖОҚ
ашық дереккөзі
244

Қызылорда облыстық прокуратурасының тексеру жүргiзу туралы қаулысы негiзнде Қызылорда табиғат қорғау прокуратурасымен “ОРДА KZ” жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнде 2008 жылы және 2009 жылдың 1-тоқсанында экологиялық және жер қойнауын пайдалану заңнамаларының қолдануына тексеру жүргiзiп, нәтижесiнде өрескел заң бұзушылықтар анықталды.

“ОРДА KZ” ЖШС-гi мұнай компаниялардың мұнай кен орнын бұрғылау барысында шыққан мұнай араласқан және майланған өндiрiс қалдықтарын уақытша орналастыру, кәдеге жарату және залалсыздандырумен айналысатыны анықталды.

Тексеру барысында, “ОРДА KZ” ЖШС Қарағанды облысы, Ұлытау ауданының Қызылорда облысына ұзақ мерзiмге жалға берiлген қосалқы жерiнен жалпы көлемi 4,1 га. жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп, пайда табу мақсатында заңсыз өндрiстiк базасын салып, яғни өндiрiстiк қалдықтарын сақтау үшiн жан-жағы қоршалған 5 полигон орналастырып, оларға мұнай компанияларынан ақыға қабылдап алған 347 тонна майланған топырақ сақталғаны белгiлi болды.

Заңсыз иеленген жер учаскесiнде орналасқан өндiрiстiк базасын, яғни полигонға Арал-Сырдария Экология департаментiнен мемлекеттiк экологиялық сараптамасының оң қорытындысы берiлген.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша 11.06.2009 жылы Қызылорда табиғат қорғау прокуратурасымен ҚР ӘҚБТК-нiң 118 бабымен заңды “ОРДА KZ” ЖШС мен лауазымды тұлғаларына қарсы әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстерi қозғалып, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша өңiраралық жер инспекциясына жолданған.

Е. Бегимбаев, Қызылорда Табиғат қорғау прокурорының орынбасары

Серіктес жаңалықтары