“ТYРКIСТАН” ГАЗЕТI — ЕҢ ҮЗДIК БАСЫЛЫМ
“ТYРКIСТАН” ГАЗЕТI — ЕҢ ҮЗДIК БАСЫЛЫМ
Алматы қалалық Тiлдердi дамыту басқармасының жыл сайынғы дәстүрлi “Мемлекеттiк тiл және БАҚ” байқауынан халықаралық саяси апталық “Түркiстан” газетi “ең үздiк басылым” номинациясы бойынша жеңiмпаз деп танылды.
Бұл конкурс бес түрлi номинация бойынша жарияланған болатын. Олар — “Ең үздiк телебағдарлама”, “Ең үздiк радио”, “Ең үздiк басылым”, “Ең үздiк веб сайт” және “Ең үздiк автор”. “Хабар” телеарнасының “Қазақшаңыз қалай?” бағдарламасы “Ең үздiк телебағдарлама” ретiнде танылса, Қазақ радиосының “Туған тiл” бағдарламасы радиобағдарламалар iшiнде үздiк атанды. Ал, веб сайттардың iшiнде — Әуезов аудандық әкiмшiлiгiнiң ресми сайты үздiк деп танылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға 25 мақала, 18 теле-радио бағдарламасы, бiрқатар веб-сайт қатысқан екен. Солардың iшiнен “Казахстанская правда” газетiнiң тiлшiсi Раушан Сәрсембаева “Үздiк автор” ретiнде танылған.
— Байқаудың негiзгi мақсаты — мемлекеттiк тiлдi орыстiлдi қауым арасында насихаттау мәселесiне арнайы көңiл бөлу. Өйткенi, қазақтiлдiлер арасында тiлдiң насихаты жеткiлiктi. Ал, орыстiлдi қауымға қазақ тiлiн өз еркiмен үйренуi үшiн арнайы насихат қажет. Сондықтан да, бiз “ең үздiк автор” ретiнде орыс тiлiнде үзбей мақалалар тiзбегiн жариялап келген адамды таңдап алдық, — дейдi Алматы қалалық Тiлдердi дамыту басқармасының төрағасы Кенжехан Матыжанов.
Ал, “Түркiстан” газетiнiң жүлдесiн тапсырған “Алматы ақшамы” газетiнiң бас редакторы Қали Сәрсенбай “Түркiстан” газетiнiң өзге қазақ газеттерiнен қолтаңбасының ерекше екендiгiн айта отырып, жеке тiл мәселесi ғана емес, сондай-ақ, ұлтқа қатысты барлық мәселелердi сөз етуде өзгелерден айшықталып ерек тұрғандығын атат өттi.
Қазақстан журналистерi мейрамы қарсаңына 50 жылдық мерейтойы дөп келген Қазақстан Журналистер одағы әрiптестерiн арнайы марапаттармен қуантуды жөн көрiптi. Қазақстан Журналистер одағы бұл шараны дәстүрге айналдырғаны белгiлi. Журналистер одағының сыйлығы 10 түрлi номинация бойынша тапсырылса, “Қазақстанның құрметтi журналисi” белгiсiмен, одақтың 50 жылдығына байланысты арнаулы дипломдармен марапатталды.
Солардың iшiнде “Түркiстан” газетi Қазақстан Журналистер одағының арнаулы дипломына ие болды.
Үмбетәлi МЕЙМЕШ