ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН ЖАЗДА ОЙЛА

ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН ЖАЗДА ОЙЛА

ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН ЖАЗДА ОЙЛА
ашық дереккөзі
267

Өткен аптада Әуезов ауданында 2008-2009 ж.ж. күзгi-қысқы мерзiмiнiң қорытындысы және тұрғын үй қорының 2009-2010 ж.ж. күзгi-қысқы мерзiмiне дайындығы бойынша аудан активiнiң кеңейтiлген жиыны өттi.

Аталмыш шараға аудан әкiмi Ә.Несiпбаев пен оның орынбасарлары, әкiм аппараты бөлiмдерiнiң басшылары, аудан қызметтерiнiң, құқық қорғау органдар мен коммуналдық мекемелердiң өкiлдерi, ЖӨБҚ мен ПИК төрағалары қатысты. Әуезов ауданының әкiм аппараты қызметкерлерi аяқталған жылу беру мерзiмiнiң қорытындысы бойынша толық талдау жасап, тұрғын үй қорының келесi жылу беру мерзiмiне дайындығы жөнiнде жоспар қарастырды. Жиын барысында әкiм орынбасары Қ. Сәлменов және аудан қызметтерiндегi басшылар баяндама жасады. Онда биылғы жылдың жоспарларын және осы уақытқа дейiн атқарған жұмыстары туралы айтылды. Алматы қаласы, Әуезов ауданында 224 пәтер иелендiрушi кооперативтер (ПИК) қызмет көрсететiн 1725 көпқабатты тұрғын үй бар. Барлық үйлер орталықтандырылған жылу жүйесiне қосылған. Сонымен қатар, ауданда 16 601 жеке меншiк үй бар екен. Осы уақытқа дейiн аудан тұрғындары тарапынан бiзге 33 мың арыз хаттар келiп түстi. Олардың басым көпшiлiгi, сантехниктер мен электриктерге жасалған шағымдар. Қазiргi уақытта дағдарысқа байланысты жарық көзiн үнемдеудемiз. Кешкi уақытта жарық түнгi сағат онға дейiн толық режимде, ал оннан кейiн жартылай режимде жұмыс iстейдi. Алматы қаласы әкiмiнiң тапсырмасын орындау барысында ПИК басқаруының таңдау-баламасын енгiзу жайында Әуезов ауданында әр айда тұрғындардың жиыны өткiзiлiп тұрды. Соған байланысты ПИК-де хаттамалар құрастырылды. Сонымен, аудан бойынша 765 тұрғын үйдi қамтитын 31 басқарушы директор тағайындалды, — дедi өз баяндамасында Сәлменов. Жиынға қатысушылар аудан әкiмi Ә. Несiпбаевқа барлық сауалдарды қойды. Тұрғындар тарапынан шағын жолдардың бұзылуына, ағаштардың кесiлуiне, аулалардың шашылуына байланысты көптеген сұрақтар келiп түскен екен. Мәселен, көпқабатты үйлердiң аулаларына байланысты аудан әкiмi Несiпбаев: — Мен бүгiнгi жиынды өткiзер алдында бiраз үйлердiң аулаларын қарап шықтым. Айтарлықтай мәз емес. Көптеген аулаларда балалар ойнайтын орындар мүлде жоқ. Осы мәселе былтырғы жылы тағы қозғалып, бiз бұл iстi қолға алған болатынбыз. Бiраз жерлерге ойын шарбақтарын орнаттық. Бiрақ осыдан бес жыл бұрын орнатқан көп қабатты үйлердiң аулаларына әлi де қызыға қарауға болады. Олар “Жетiсу”, “Ақсай”, “Мамыр” аудандарының аулалары. Сондықтан да, әр нәрсенi қадiрлеу өз қолымызда екенiн ұмытпайық, — дедi.  
Мадина Жеңiсова
 

Серіктес жаңалықтары