ИВАН ГРОЗНЫЙ МҰСЫЛМАН БОЛҒАН БА?

ИВАН ГРОЗНЫЙ МҰСЫЛМАН БОЛҒАН БА?

ИВАН ГРОЗНЫЙ МҰСЫЛМАН БОЛҒАН БА?
ашық дереккөзі
583

Орыс патшасы Иван Грозныйдың дулығасында “Аллах Мұхаммад” деп жазылыпты. Иранның Ресейдегi бас елшiсi Сейiт Голамрез Мейгуни бас киiмдегi жазуды осылай оқып шықты.

Дулыға Астраханьдағы әскери даңқ музейiнде сақталған. Ондағы жазу кәлиманың, яғни “Алладан өзге Тәңiр жоқ, Мұхаммед оның елшiсi” деген куәлiктiң қысқарған нұсқасы болуы мүмкiн. Музейдiң аға ғылыми қызметшiсi Елена Арутюнова “Аргументы недели” сайтына берген сұхбатында бұл туралы былай деген: “ Бiз Иран елшiсiнiң тәржiмасын шығыстанушылар мен лингвистер тексеруi қажет деп санаймыз. Патшаның бас киiмiндегi жазу жөнiнде әртүрлi пiкiр айтуға болады. Бұл Иван Грозныйдың ұлына жасаған түрiк сұлтанының тартуы болуы ықтимал. Ал дулығаның екiншi бетiнде славян тiлiнде “Шелом Князя Ивана Васильевича, Великого Князя сына Василия Ивановича, господаря Всея Руси самодержца”, -деп жазылған”. Қалай дегенмен орыс оқымыстылары үшiн тағы бiр тың тақырып табылып отыр. Тарихты қайта зерделеп жүргендер үшiн бұл жазу сенсациялық жаңалық болуы да бек мүмкiн.

Жолымбет МӘКIШЕВ

Серіктес жаңалықтары