ДIНИ САУАТТАНУ БӘРIМIЗГЕ ПАРЫЗ

ДIНИ САУАТТАНУ БӘРIМIЗГЕ ПАРЫЗ

ДIНИ САУАТТАНУ БӘРIМIЗГЕ ПАРЫЗ
ашық дереккөзі
224

Имамдардың бiлiмiн жетiлдiру институтының дайындық курсы филиалы көп жылдан берi жемiстi қызмет етiп келедi. Бақыт қажы Тұрсынбеков басқаратын бұл оқу орталығы елiмiздегi мұсылмандарды дiни сауаттандыру жолында барын салып отыр.

Исламда бiлiм алу – ер адамға да, әйелге де парыз екенi баршаға мәлiм. Араб тiлiн үйрену – қасиеттi Құран Кәрiмдi сауатты оқуға, тәжуидпен меңгеруге қадам басу һәм ислам құндылықтарымен сусындау деген сөз.

Қасиеттi Құран Кәрiмнiң алғашқы аяттарының да: “Оқы! Сенi ұйыған қаннан жаратқан Раббыңның атымен оқы!” – деп басталуы тегiн емес. Құран – тiрiлердiң ойлануы үшiн түсiрiлген екi дүниенiң пәрмендi үкiмi. Ал оны оқып, түсiнiп зерделеу үшiн алдымен адамның дiни сауатты болуы айтпаса да түсiнiктi.

“Ислам дiнiнiң өркендеуiне үлес қоссақ” деген ниеттегi Оқу орталығы жыл сайын шәкiрттерге дайындық курсы филиалының құжатын табыстайды.

Қазақстан қажылар қауымдастығы Алматы қалалық департаментiнiң төрағасы Қанат қажы Жұманов пен оның орынбасары әрi Оқу орталығының директоры Бақыт қажы Тұрсынбеков қолдан келген бар мүмкiндiктi мұсылмандардың бiлiмiн жетiлдiруге жұмсауда.

Қаражаттың, баспананың тапшылығына, қиындығына қарамастан Оқу орталығының қызметкерлерi қажыр-қайрат көрсетiп отыр.

Қыстың қақаған аязында, жаздың аптап ыстығында 30 км. жерден келiп ұстаздық ететiн Құралай апайдың еңбегi зор.

Бiраз жылдан берi Қазақстан Мұсылмандары дiни басқармасының бұрынғы ғимаратында тәп-тәуiр қызмет етiп, шәкiрт тәрбиелеп жатқан бұл Оқу орталығы биылғы қаңтар айында әбден қаңтарылып, ақпанда асып-сасып қалды. Неге екенiн қайдам, қыстың көзi қырауда, оларға көшуге тура келдi. ҚМДБ-ның ауласындағы ұлтарақтай жердi көпсiнгендердiң кесiрiнен “Дарын” институтының ауласына киiз үй, қос тiгiп көшуге мәжбүр болды.

Құдайға шүкiр, олар қиындыққа барынша сабыр етiп, бiлiм берудi жалғастыруда. Осы жерде айта кететiн нәрсе, елiмiздегi саусақпен санарлық дiни бiлiм берушiлердi қолдау ауадай қажет екендiгi. Дiни сауаттандыру баршаға ортақ iс.

Жұмагүл қажы Абдурахманова, Акбар ұстаз, Қайрат ұстаз сияқты кiсiлерге Аллаһ Тағала риза болсын!

Жақында Оқу орталағы шәкiрттерiне жылдық бiлiмдерiнiң нәтижесiн көрсететiн құжаттарды салтанатты түрде табыс еттi. Жиынға ҚМДБ-ның кадр бөлiмiнiң меңгерушiсi Байзақ қажы Бекмұратов, журналистер қатысты. Имамдардың бiлiмiн жетiлдiру дайындық курсы филиалын үздiк бiтiрушiлерге мақтау қағазы берiлдi.

Оқу орталығы бiлiм аламын деушiлердiң жасын шектемейдi. Сонымен қатар Оқу орталығының жанында “Қыдыр Сапар!” қажылық туристiк компаниясы Сауд Арабия Корольдiгi елiндегi “Хибат” компания-қажылыққа алдынала дайындықтан өткiзуге шақырады.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Мұратбаев көшесi, 23-үй (М.Мақатев қиылысы). Оқу орталығы. Тел: 8 (727) 2333974; 2636245 ұялы тел: 8 700 4512992; 8 701 3208252

Күлпара Жұмағали

Серіктес жаңалықтары