СОТ ШЕШIМДЕРIН ОРЫНДАУ ОҢАЙ ЖҰМЫС ЕМЕС

СОТ ШЕШIМДЕРIН ОРЫНДАУ ОҢАЙ ЖҰМЫС ЕМЕС

СОТ ШЕШIМДЕРIН ОРЫНДАУ ОҢАЙ ЖҰМЫС ЕМЕС
ашық дереккөзі
257

Елiмiз егемендiгiн алып, тәуелсiз елiмiздiң тұғырын берiктендiру жолында қызмет етiп жүрген әр азамат өзiнiң Конституциялық құқығын бiлуi мiндеттi. Бүгiнгi қоғам осыны талап етедi. Құқығыңды бiлмесең қор боласың. Сан соғып алдансақ, шындық iздеп шарқ ұрсақ, ақиқатқа араша болар деп сотқа келемiз. Сот шешiм шығарған соң оны орындау сот орындаушыларына жүктелген мiндет болып табылады.

Қай салада қандай жұмыс iстемесiн әр мекеменiң өз ауыртпалықтары болады. Жалпы алғанда жеңiл жұмыс жоқ. Дейтұрғанмен өзгелермен салыстырғанда жауапкершiлiгi мен жүктемесi ауырлау, қиындығы молдау салалар да болады. Осындай саланың бiрi – сот шешiмдерiн орындайтын сот орындаушыларының жұмысы. Сот шешiмдерiн орындау көп уақытты және тер төгудi қажет ететiн ауыр жұмыс десек асыра айтқандық болмас. Сот орындаушылары келгенде есiктерiн iлiп алып, ашпайтын кедергiлер қатары да аз емес. Сондай-ақ, борышкерлердiң сот отырысында көрсетiлген мекен-жайда тұрмайтындығын, тiптi көршiлерiнiң ондай жан туралы бiлмейтiндiгi сияқты жайлар кездесiп жатады. Мiне, осыған байланысты сот орындаушысына мекен-жайы дұрыс көрсетiлмеген адамды iздеп табу сияқты тауқыметтi жұмыспен айналысуға тура келедi.

Жыл сайын алимент өндiруге байланысты борыштарды өтеу жөнiнде акция өткiзiледi. Әсiресе алимент төлейтiн борышкердi табу оңайға соқпайды. Iзiн жасырып жүрген “қашқын әкелерге” құқық қорғау органдары арқылы iздеу салып жататын кездер болады. Сондықтан да сот шешiмдерiн орындау сот орындаушыларының қалтықсыз еңбегiнiң арқасында жүзеге асады.

Сот орындаушыларының жұмыс көрсеткiштерiнiң бiрi — сот шешiмдерiн орындаудан әдейi жалтарып жүрген тұлғаларды қылмыстық және әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту. Аталған жұмыстарды тиiмдi жүргiзу мақсатында басқарма мамандары аумақтық бөлiмдерге жиi шығып, атқару өндiрiсiн тиiсiнше рәсiмдеуге және iшкi iстер органдарына материалдарды жiберуге практикалық және әдiстемелiк көмектер берiп отырады.

Сондай-ақ сот орындаушылары республика бюджетiн толтыруда да түрлi шаралар атқарып келедi. Борышкерлерден қарызды мемлекет қазынасына өндiруде биылғы жылы бiрқатар жұмыстар атқарылды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот Әкiмшiлiгi жөнiндегi Комитеттiң ағымдағы жылдың 31 наурызындағы №143 бұйрығына сәйкес Ақмола облысының Соттар Әкiмшiсi сот актiлерiн орындауда банктердiң пайдасына борыштарды өндiру бойынша айлық өткiздi. Облыс көлемiнде аталмыш акцияға дейiн заңды орындалуда 1 млрд. 61 млн. 566 мың 516 теңге болса, акция барысында 10 млн. 447 мың 748 теңге, ал нақты орындалған құжаттар бойынша 7 млн. 697 мың 931 теңге өндiрiлiп, 3 борышкер әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке тартылды. Осылайша борыштарды банктердiң пайдасына өндiру акциясы мәресiне жетiп, оң нәтижесiн бердi.

Сондай-ақ ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 30 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитет Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жол полициясы Комитетiмен бiрлесе отырып “Атқару өндiрiсiндегi борышкерлердiң автокөлiктерiн ұстау” акциясын өткiзiп жатыр.

Бүгiнгi таңда Ақмола облысының Соттар Әкiмшiсiне 20 аумақтық бөлiмше кiредi. Оның iшiнде 2-еуi қалалық, қалған 18-i аудандық аумақтық бөлiмшелер. Барлық аумақтық бөлiмшелерде бүгiнгi таңда 87 сот орындаушылары қызмет атқарып жатыр. Сот шешiмдерiн орындау мiндетi жүктелген сот орындаушылары өз қызметiн бүгiнде абыроймен атқаруда. Олардың әрқайсысының еңбегi өлшеусiз. Бұл өз iсiне шын берiлген, қызметiн қалтықсыз орындап жүрген сот орындаушысының ерен еңбегiнiң арқасында жеткен көрсеткiштер деп бiлген жөн.

Сот шешiмдерi орындалуымен құнды. Сондықтан осындай қиындығы мен жауапкершiлiгi қатар жүретiн қызметте сот орындаушыларына табыс тiлей отыра, оларды төл мерекелерi 11 маусым – сот орындаушылар күнi мерекесiмен құттықтап, отбасында бақыт, елiмiздiң гүлденуi мен мемлекет iргесiн берiктендiру жолында аянбай еңбек етуде зор денсаулық тiлеймiн.

Нұрлан ОСПАН, Ақмола облысы, Соттар Әкiмшiсiнiң орынбасары

Серіктес жаңалықтары