“МӘДЕНИ МҰРА” – ҰЛТТЫҚ ЖОБА

“МӘДЕНИ МҰРА” – ҰЛТТЫҚ ЖОБА

“МӘДЕНИ МҰРА” – ҰЛТТЫҚ ЖОБА
ашық дереккөзі
269

Кеше екi күн бойы Алматыдағы Алатау шипажайында “Мәдени мұра” ұлттық жобасы аясында өткiзiлген “Тарихи мәдени мұраның өркениеттер диалогындағы ролi” атты халықаралық конференция аяқталды.

Жалпы, бұл халықаралық ғылыми теориялық конференция Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi, Мәдени саясат және өнертану институты және Ресейдiң “Өркениеттер диалогы” әлемдiк қоғамдық форумының қолдауымен жүзеге асты. Екi күндiк алқалы басқасуға мәдениеттанушылар, саясаттанушылар, қоғам қайраткерлерi, тарихшылар, әлеуметтанушылар, тiл мамандары, өнер зерттеушiлерi қатысып, үш секция бойынша пiкiрталас жүргiздi. Конференция аясында “Мәдени мұра” ұлттық бағдарламасы – Еуразияның инновациялық әлеуметтiк-гуманитарлық жобасы” деген атпен дөңгелек үстөл өттi.

“Мәдени диалог – Еуразия кiндiгiнен көзқарас”, “Еуразия қазiргi заманғы ауқымды экономикалық жағдайлар қарсаңында”, “Тарихи диалог – достық және мәдени қарым-қатынасымыздың өркендеу жолы” тақырыбында секциялар өз жұмысын өткiздi.

“Бiздiң басты мақсатымыз – “Мәдени мұра” ұлттық жобасын халықаралық дәрежеде насихаттау. Қазақстан негiзiнде диалогының ара-қатынасын және түркi славян қоғамдастығының өткенi мен бүгiнiн жан-жақты сараптау”, – дедi конференцияның ашылу рәсiмiнде сөз алған Мәдени саясат және өнертану институтының директоры Ерлан Саиров.

Екi күндiк халықаралық конференцияға Австрия, Қытай, Өзбекстан, Швейцария сияқты алыс-жақын елдерден ғалымдар қатысып, өз пiкiрлерiн ортаға салды.

Г.ТҰРҒАНБАЙҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары