АӨК экспортқа қалай үлес қосады?

АӨК экспортқа қалай үлес қосады?

АӨК экспортқа қалай үлес қосады?
ашық дереккөзі
250

Агроөнеркәсiптiк кешендi (АӨК — Т. Т. ) дамытуда ел Үкiметiнiң iс-әрекеттерi қазiргi таңда ең өткiр тұрған негiзгi екi мәселеге бағытталады. Бiрiншiсi — азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, екiншiсi — экспортқа бағытталған өндiрiстердi дамыту және экспортты әртараптандыру.

Елiмiздiң экспорттық әлеуетiн өркендетуде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ең алдымен назар аударылады. Атап айтқанда, мал бордақылайтын дамыған инфрақұрылымы бар алаңқайлар мен мал соятын нүктелер, құс фабрикалары мен сүт шығаратын iрi фермалар, астық, балық және жемiс-жидек өнiмдерiн өңдейтiн нүктелер, жылыжайлар салу қолға алынады. Қазақстан — мал шаруашылығын тиiмдi дамыту жағынан барлық әлеуеттi мүмкiндiктерге ие ел. Осы мүмкiндiктерiмiздi өз игiлiгiмiзге пайдаланатын кез жеттi. Өйткен себебi, жыл сайын әлемде экологиялық таза өнiмдерге деген сұраныс артып келедi. Яғни, жақын және алыс шетелдердегi осы кеңiстiктi қазақстандық өнiм өндiрушiлер жаулайтын қолайлы сәт туып тұр. Қазiргi кезде Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен “ҚазАгро” ұлттық холдингi мониторинг жүргiзiп отырған АӨК саласындағы 133 инвестжобаның iшiнде мал шаруашылығына қатысты бiрнешеуi бар. Мәселен, аса қызықты жобаның бiрi — Батыс Қазақстан облысында дамыған инфрақұрылымы бар мал бордақылайтын алаңқай салу. Ағымдағы жылдың үшiншi тоқсанында бұл жоба толығымен iске қосылады. Мал бордақылайтын алаңның 77,7 пайызын — “Мал өнiмдерi корпорациясы” АҚ, ал қалған 23,3 пайызын — “Crown Батыс” ЖШС-i қаржыландыруда. Бұл жобаны iске асыру нәтижесiнде жыл сайын 2073 тоннаға дейiн сиыр етiн дайындай аламыз. Сондай-ақ, бұл жерде 118 адамға тұрақты жұмыс орны пайда болады. Биыл iске қосылатын жобаның тағы бiреуi — Солтүстiк Қазақстан облысындағы iрi-тауарлы сүт фермасы. Бұл ферма сүт өңдейтiн отандық кәсiпорындарды сапалы шикiзатпен қамтамасыз етедi. Атап айтарлығы, биыл бұл жерде 2000 тонна сүт өндiрiлетiн болса, ал 2010 жылы ол толық қуатымен iске қосылғанда алғашқы көрсеткiш 12600 тоннаға дейiн ұлғаяды. Яғни, iшкi нарықты қамтыған соң, сыртқы нарықтарға өнiм шығаруға зор мүмкiндiктер бар. Ферма 150 адамға тұрақты жұмыс орнын ашып бередi. 2012 жылға дейiн елiмiзде осындай 15 ферма салу жоспарланып отыр.  
Таңатар ТАБЫНҰЛЫ
 

Серіктес жаңалықтары