МҰРАҒАТ ОРТАЛЫҒЫНДА...

МҰРАҒАТ ОРТАЛЫҒЫНДА...

МҰРАҒАТ ОРТАЛЫҒЫНДА...
ашық дереккөзі
216

Өткен аптада ҚР Мәдениет және ақпарат министрi Мұхтар Құл-Мұхаммед Алматыдағы республикалық Мұрағат iсi және құжаттану жөнiндегi ғылыми-техникалық ақпарат орталығында болып, ұжымды Ақпарат және мұрағат комитетiнiң жаңа төрағасы Бауыржан Омаровпен таныстырды.

Министр орталықтың әр алуан бөлiмдерiн аралап, жұмыстарын көрдi. Кездесу кезiнде бөлiмдердегi бүгiнгi күн талабына сәйкес келмейтiн ескi жұмыс құралдарын қазiргi заман үлгiсiндегi жаңа жабдықтармен ауыстыру және оларға арнайы қаражат қарастыру мәселелерi қозғалды. Ол дауыс сақтау бөлiмiнен ұлт тұлғалары академик Мұхтар Әуезовтың, батыр Бауыржан Момышұлының, ақын Мұқағали Мақатаевтың кезiнде таспаға жазылып алынған өз дауыстарын есiтiп, сапасына көңiл қойды. Орталық ұжымының атқарған жұмыстарына ризашылығын бiлдiрiп, алдағы iстерi жөнiнде өз ойын ортаға салып, пiкiр алысты.

Серіктес жаңалықтары