“Нұр Отан” ХДП партиясының кезектен тыс ХII съезiнiң күн тәртiбi бүгiн бекiтiледi. Әрi бүгiн партияның Орталық аппаратында басқарушы партия Саяси кеңесiнiң кеңейтiлген жиыны өтедi. Жиында съездiң жұмыс органдары: мандаттық, есептiк және редакциялық комиссия мен хатшылықтың құрамы нақтыланатын болады.
Осыған орай, Астанада брифинг өттi. Брифингке келген партияның ресми өкiлi Оксана Петерс съезд қарсаңында партия мүшелерiнiң қатары толыққанын жеткiздi. Оксана Петерс: “Партия депутаттары ХII съезд қарсаңында тағы бiр мәрте бас қосып, партияның Халықтық тұғырнамасының жүзеге асырылуы барысын, алдын-ала жұмыс нәтижелерiн, сонымен қатар Халықтық тұғырнаманың әлемдiк экономикалық дағдарыс жағдайында одан ары жүзеге асыру жағдайларын талқылайтынын” айтты.
Партияның Халықтық тұғырнамасының 80 пайыз ережесi Орталық атқарушы органның 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгiзiлгенiн де айта кеттi ресми өкiл. Сондай-ақ, қорытынды құжат ретiнде форумға қатысушылардың Қазақстан Республикасы азаматтарына үндеу жолдайтынын да айта кеттi.
Едiге БЕКТАС