ӘКЕСI ҰЛЫНЫҢ ҚОЛЫНДА ҚАМАУДА БОЛЫПТЫ

ӘКЕСI ҰЛЫНЫҢ ҚОЛЫНДА ҚАМАУДА БОЛЫПТЫ

ӘКЕСI ҰЛЫНЫҢ ҚОЛЫНДА ҚАМАУДА БОЛЫПТЫ
ашық дереккөзі
353

Жуырда, баспасөз беттерiнде Австриядағы Қазақстан елшiлiгiне Мұхтар Әлиевтiң келiп, Венадағы Қазақстан Республикасының елшiсi Е.Қазыхановпен кездестiруiн өтiнгендiгi туралы ақпарат жарияланды. Ақпарат көздерiне сүйенсек, бұл оқиға 4-мамыр күнi таңертеңгiлiк болыпты. Венаға Мұхтар Әлиев Австрияға денсаулығын тексертiп, жүрекке операция жасату үшiн былтыр келген екен.

Сыртқы Iстер министрлiгiнiң баспасөз хатшысы Iлияс Омаровтың сөзiне қарағанда, Мұхтар Әлиевтiң 2008 жылдың қазан айынан берi Қазақстанға қайтуына барынша кедергi келтiрiп келiптi. Ал Мұхтар Әлиевтiң мәлiметiне сүйенсек, ұлы Рахат әкесiнiң барлық құжаттарын: төлқұжатын, карточкаларын, телефонын, қалтасындағы ақшасын және жеке заттарын (чемоданы мен екi сөмкесiн) тартып алған екен. Амалсыз үйiнен күзетшiлерiне байқатпай қашып шыққан Мұхтар Әлиев елшiлiкке келедi. Әуелi мәселенiң бәрiн бейбiт түрде шешкiсi келгенiмен, одан нәтиже шығара алмаған соң, қашып шығуға мәжбүр болған Мұхтар Әлиев ақырында елшiлiктен көмек сұрауға тура келедi. Тiптi, елге оралу үшiн әкесi жетi рет аштық жариялауға дейiн барыпты.

Дипломатиялық өкiлдiк Мұхтар Әлиевтiң денсаулығын да қарап, арнайы медициналық тексеруден өткiзiптi. Елшiлiктiң арнайы қонақ бөлмесiне орналастырылған Мұхтар Әлиевке күзет қойылып, бақылау жасалыпты.

Қазiр Қазақстанның Австриядағы елшiлiгi ҚР азаматы Мұхтар Әлиевтi елге қайтару үшiн қажеттi шараларды жасап жатқан көрiнедi.

“Түркiстан-ақпарат”

Серіктес жаңалықтары