“ЭЙР АСТАНАНЫҢ” АРДАГЕРЛЕРГЕ СЫЙЛЫҒЫ

“ЭЙР АСТАНАНЫҢ” АРДАГЕРЛЕРГЕ СЫЙЛЫҒЫ

“ЭЙР АСТАНАНЫҢ” АРДАГЕРЛЕРГЕ СЫЙЛЫҒЫ
ашық дереккөзі
192

Ұлы Отан соғысының 64-жылдығына орай елiмiздегi бiрден-бiр әуе компаниясы қан майданнан ерлiкпен оралған соғыс ардагерлерi мен мүгедектерiне үлкен сый әзiрледi.

2009 жылдың 1 мамыры мен 31 мамыр аралығында Ұлы Отан соғысының ардагерлерi мен мүгедектерiне Қазақстанда және Қазақстан мен ТМД елдер арасындағы бағыттары бойынша “Эйр Астана” әуекомпаниясының экономкласс билеттерi 100% жеңiлдiкпен тегiн берiледi. Бұған қоса ардагерлердiң серiктерiне аталмыш билеттер 50% жеңiлдiкпен сатылады. Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер мен мүгедектер билеттердi сатып алу барысында 1992 жылдың 1 қаңтарына дейiн күшi бар тиiстi мекемелер берген куәлiктер мен зейнеткерлiк кәулiктердi көрсетуi тиiс. Сонымен қатар, Қазақстан қалалаларына немесе Мәскеу, Баку, Бiшкек қалаларына сапар 2009 жылдың 30 маусымына дейiн аяқталу керек.

Сондай-ақ, “Эйр Астана” Ұлттық әуе компаниясы депутат Киянскийдiң “Ұлттық тасымалдаушы “сенгiш қазақстандық қарттарға” өтiрiк айту менеджментiн сәттi игерiп жатыр” деген мәлiмдемесiмен келiспейдi және бұл айыптарды жөнсiз деп санайды. Өзiнiң депутаттық сауалында халық қалаулысы былай деген екен: “Дегенмен, Парламентке келетiн азаматтардың сұраулары және депутаттардың тәжiрибесiне қарағанда, компанияның журналдар, буклеттер мен көше проспектiлерiнде жарияланған қызметтерi жарнама, айлакерлiк, әлеуметтiк жауаптың бизнеске ешқандай қатысы жоқ, ал әуе компанияның жарнамасы жалған болып шықты. Әсiресе осы сәйкессiздiк зейнеткерлерге, соғыс ардагерлерiне және мүгедектерге қатысты болғаны қапаландырады.” Әуе компанияның мәлiмдеуiнше, Киянскийдiң бұл пiкiрi шындыққа жатпайды. Сол себептi, “Эйр Астана” компанияның iскерлiк атағына келтiрген зиянын өтеу үшiн сотқа арыз беру құқығын өзiне қалдырады. Шамасы депутаттiкi түсiнбестiк болған болар. Себебi, ардагерлерге осы жылдың 2 сәуiрiнде КС 979 рейсiне тегiн ұшу рұқсат етiлмеген, өйткенi шара жоғарыда аталғандай, ағымдағы жылдың 1 мамыры мен 31 мамыр арасында жүргiзiледi.

“Эйр Астана” әуе компаниясы үшiн әлеуметтiк жауапкершiлiктiң, iскерлiк этиканың және тату көршiлiктiң ең жақсы дәстүрлерiн тасымалдау басты мақсат болып табылады. Әуе компаниясы 2008 жылда әлеуметтiк жауапкершiлiк саласында 30-дан астам жобаны iске асырды. Мәселен, компания Астана қаласының балалар үйiне автобус тапсырып, 130-дан астам билеттердi авиация ардагерлерiне, мүгедектерге, соқырлар қоғамына, өнер және мәдениет қайраткерлерiне тегiн үлестiрген. Бұған қоса, 2008 жылы 241 ардагер мен оларды алып барған 89 серiктес Жеңiс күнiне арналған шара аясында тегiн авиабилеттердi пайдаланды. Бұл “Эйр Астана” жасаған қоғамдық, әлеуметтiк жобалардың тек бiршамасы ғана.

Әйгерiм БАҚЫТҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары