БIЗДIҢ БЕНЗИН САПАСЫЗ
БIЗДIҢ БЕНЗИН САПАСЫЗ
Жанар-жағар май сапасын қадағалайтын халықаралық орталық The International Fuel Quality Center (IFQC) көмiрсутегi өндiретiн елдердiң жанар-жағар майын сапалық сынақтан өткiздi. 100 мемлекет қатысқан зерттеуде Қазақстан 90-орынды қанағат тұтуға мәжбүр.
The International Fuel Quality Center – 1998 жылы энергетика саласы бойынша, дүниежүзiндегi ең iрi ақпараттық компаниялардың бiрi – Hart Energy Publishing LLP-ның транспорттық жанар-жағар май сапасын сараптайтын бөлiмшесi ретiнде ашылған ұйым. Жуырда әлемнiң 100 мемлекетiнде арнайы зерттеу ұйымдастырған IFQC сарапшыларының пiкiрiнше, дүниежүзiндегi ең таза әрi сапалы жанар-жағар май Германияда көрiнедi. Екiншi орында – Жапония. Үшiншi орынды Дания, Финляндия, Австрия, Венгрия, Швеция мен Эстония өзара бөлiскен. Көмiрсутегiлердi көп тұтынатын АҚШ биыл былтырғыға қарағанда, 35 орынға бiр-ақ төмендеп, 44-сатыны иеленiптi. Ал Орталық Азиядағы энергетикалық қорға бай елдер – Өзбекстан (88), Әзiрбайжан (89), Қазақстан (90), Тәжiкстан (92), Түркiменстан (93) жүздiктiң соңғы ондығынан орын тепкен. Әлемдiк саясатқа көмiрсутегiлерiмен ықпал етуге ұмтылатын Ресейдiң де сапа жағынан шекесi қызып тұрған жоқ – 84-орын. Есесiне, Марокко – 76, Албания – 36, Македония – 33, Оңтүстiк Корея – 29, Панама – 28
Жанар-жағар май нарығын зерттейтiн мамандардың кейбiрi отандық өнiм сапасын жақсартуға қатысты қойылған талаптардың күшейтiлуi кесiрiнен жанар-жағар май сапасы төмендеп кеткен деген ұстанымда. Оның үстiне, мұнай шикiзатын өңдейтiн өндiрiс ошақтарындағы құрал-жабдықтардың көпшiлiгi тозған, қазiргi заманғы технологиялар жоқтың қасы, республикалық деңгейде мұнай шикiзатының сапасын анықтайтын мониторингтер жүргiзiлмейдi, мұнай шикiзаттарының сапасын сақтауды қамтамасыз ететiн заңдық құжаттар қабылданбаған. Осының кесiрiнен iшкi нарықтағы мұнай шикiзатын, яғни, жанар-жағар май сапасын қадағалайтын жүйе қалыптаспаған. Үкiмет мұнай шикiзаттарын өңдейтiн зауыттарды жағалау мақсатында 3,1 млрд. доллар бөлудi көздеп отыр. Бұл өнiм өндiру қуаттылығын 2,5 млн. тоннаға дейiн көбейтуге жағдай жасамақ. ҚР Энергетика және минералдық ресрустар министрi Сауат Мыңбаев үстiмiздегi жылдың басында өнiм өндiру қарқынын арттырумен бiрге, сапаны жақсартуды қалға алатынын мәлiмдеген едi. Бiрақ халықаралық ұйым дайындаған зерттеу жұмысы үкiметтiң алдын орап кеттi. IFQC жыл сайын емес, әр алты ай сайын зерттеу жұмыстарының нәтижелерiн жаңалап тұруға құлшынғанын ескерсек, келесi сынаққа дейiн қазақтың мұнай шикiзаты сапа жағынан сыр бермеуi мүмкiн. Айтпақшы, орыстар 48-орынды алған Украина мен 53-орынды иемденген Беларусьқа “бiзден озып кеттi” деп тоң-терiс.
Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ