“ҚЫЗТЕКЕЛЕР” ҚАШАНҒЫ ҚҰТЫРАДЫ?

“ҚЫЗТЕКЕЛЕР” ҚАШАНҒЫ ҚҰТЫРАДЫ?

“ҚЫЗТЕКЕЛЕР” ҚАШАНҒЫ ҚҰТЫРАДЫ?
ашық дереккөзі
327

Жақында “Ана тiлi” газетiнен (03.04.09) Жанар Елдосқызының мақаласын оқыдым да, жағамды ұстадым. Қазақ жұртының батысқа елiктегенi соншалық, олардың ендi киiм киiсi мен сөйлеу мәнерiн былай қойғанда, атам қазақ естiп, естiп деймiн-ау ойына алып көрмеген сұмдық — гейлiк өмiрдi де санасына енгiзген екен. Ардан, ұяттан безiнген жастардың бұл iстерi көргенсiздiктiң, тәрбиесiздiктiң бедерi емес пе?

Бұған дейiн табиғатынан бiрiншiлiкке, лидерлiкке ұмтылатын ер адамның бұл iсiн ақтау әбестiк болар. “Балықшы балықшыны алыстан таниды” деп, бас қосатын жерiн “гейклуб” деп атап, өздерi күнi-түнi сонда болады екен. Республикамыздың зайырлы екенiн бiлемiз, бiрақ зайырлылықтың төркiнiнде өзгеше мәселе қаралады және оны ешуақытта басқа құбылыстармен шатастыруға болмайды. Аталған сұмдықтың алдын алу шаралары құқық қорғау орындарында қарастырылып жатыр деген ойдамыз.

Жалпы алғанда, адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетiп өсуi, бойындағы алғашқы адамгершiлiк белгiлер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдiң жылуы — оның көкiрегiнде көп жылдар бойы сақталып, мәңгi есiнде жүредi. Ақын сөзiмен айтқанда: “Отбасы — табиғат сыйлаған кереметтердiң бiрi”, — десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершiлiгi, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттiлiктi тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажеттi, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы — сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы — бала тәрбиесiнiң ең алғашқы ұжымы. Сондықтан да, ұлттың iргесiн қалайтын бiрден-бiр бастау отбасы деп қабылдап, осыған байланысты ата-ана тәрбиесiнде қаралған мәселенiң алдын алу шаралары жүзеге асырылып жатса екен деген ниет бар.

Бiрер жыл бұрындары осынау “көгiлдiрлер” жайлы теледидардан естiп қалсақ шошушы едiк, қазiрде сол iндет бiздiң де елге жеттi. Бұның, әрине, бағымыз емес екенiне ешкiм дау келтiре қоймас. Қызтекелiк жүрiстiң өздерiн демократиялық мемлекет деп атайтын Америка осынау жайттарға ешбiр таңғалыссыз қарайтынын бiлемiз. Бiрақ бiр ескерте кететiн жайт, ол өзге ұлт, өзге менталитет және идеология. Өзгелерде ол өмiр сүрудiң ерекше формасы немесе өзге стиль дейтiн болсақ, қазақ ұлтында оған тағылатын бiр ғана атақ бар. Ол — дүбаралық! Санаңды кiбiртiктеп тұрған өзге де актуалды проблемалар: тiл мәселесi, жаһандану, есiрткi, ұлт идеологиясы дегендер өршiп тұрған кезде, “бұл” қазақтың сорына айналып, Алла тағаланың қаһарына ашық түрде ләйiм ету болып шыға келедi.

Халқымыздың ұлттығы мен ұлылығын қастерлейтiн заманда бұлаған жастық сезiмнiң, оның iшiнде қыз бен жiгiттiң сарқылмас сана торытып, түсiнiстiктiң ең жоғарғы кезеңiне ертегi өмiрдi бастау шағында бассыздықты нысан етiп, осы жолға ден қойғандарға бiр жағынан жаның ашыса, бiр жағынан қарның ашады. Тәрбиенiң дұрыс жүргiзiлмей, баланы сәби жасынан дегенiн қыла беруге ден қойған бiздiң қазақ соның кесiрiн, мiне, бүгiн көрiп жатыр. Осынау жай мен қатерге бой алдырып отырған теле және радиохабарлар мен шетелдiк түрлi көркемфильмдердiң де кiнәсi бар деп ойлаймын. Тоқсаныншы жылдардың аяқ жағында бразилиялық және мексикалық телесериалдардың қаптап кеткенiн барлығымыз да құлақпен естiп, көзбен көрдiк. Сол сериалдардың қай-қайсысын қарасаңыз да сұмырайдай болып жүрген көгiлдiрдi көрсетiп, оған басты рөлдердiң бiрiн берiп қоятынын қайтесiз?! Сол кездерi көгiлдiрлiктен шамамен жатырқайтын қазақ қазiрде “үшiншi жыныстыларға” жай көзбен ғана таңғалыссыз қарайды. Әйтпесе атасымен не әкесiмен ойнаған қай қазақты көрiп едiк!?

Жалпы, сананы дерт ретiнде торуылдап, ұлт үшiн қорқыныш отын жүректе маздатып отырған осынау жайдың өз кемелiне жетуi мұң екен, бiздiң қазақты қандай да сiлтемелер мен жайсөздiлiктерден ақтай алмаспыз. Өзгенiң қылығына күле тұра өзiмiздiң жамауымызды көрмеуiмiз Мағжан атамыз айтқандай “Бүкiл қазақ иемденiп жұмақты, өзгелерге орын қалмай жүрмесiн”-iнiн еске ерiксiз түсiредi.

Ардақ ҚҰЛТАЙ

Серіктес жаңалықтары