ҚАЛАМГЕРЛЕР ОҚЫРМАНДАРМЕН ЖҮЗДЕСТI

ҚАЛАМГЕРЛЕР ОҚЫРМАНДАРМЕН ЖҮЗДЕСТI

ҚАЛАМГЕРЛЕР ОҚЫРМАНДАРМЕН ЖҮЗДЕСТI
ашық дереккөзі
294

Жуырда Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаттары жазушы Қуандық Түменбай мен ақын Жарас Сәрсек Қазақ-америка университетiнiң жанындағы Алматы колледжiнiң оқытушылары мен студенттерiнiң ұйымдастыруымен аталған оқу орнында кездесуде болды.

Еркiн пiкiр-алмасу сипатында сол кездесуде қос қалагер бүгiнгi қазақ әдебиетi төңiрегiнде өз ойларын ортаға салды. Өз кезегiнде студенттер мен ұстаздар қауымы сөз өнерi хақында шынайы көзқарастарымен бөлiстi. Сөз арасында қаламгер қауымға өкпелi екендiктерiн де айтып қалып отырды. “Ақын-жазушылар шақырмаса оқырманмен кездесуге ынталы емес”. Бұл өкпе әдебиетке деген ынта-ықыластың әлi де суи қоймағандығын аңғартқандай.

Қос қаламгер сондай-ақ өздерi қызмет iстейтiн “Қазақ газеттерi” ЖШС-ның жанынан шығатын “Үркер” журналының алдағы бағыт-бағдары жөнiнде де әңгiме өрбiттi. Сөз соңында қаламгерлер аталған оқу орнының басшысы Ғайни Айғараева мен қазақ тiлi пәнiнiң оқытушысы Серiкгүл Жингишқызына жылы шырайлы кездесудi ұйымдастырғаны үшiн алғыстарын бiлдiрдi.

Серіктес жаңалықтары