ТӘРБИЕ ЖӨНI ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?

ТӘРБИЕ ЖӨНI ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?

ТӘРБИЕ ЖӨНI ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?
ашық дереккөзі
439

Бiздiң қазақ халқында бала тәрбиесi қашанда ата -бабадан келе жатқан дәстүр болып жалғасуда. Жақсы ұрпақ тәрбиесi қазақ үшiн бiрiншi орында болуына атсалысайық.

Тәрбие мәселесi отбасынан басталады. Тәрбие ағаш сияқты, жақсы жерден жақсы өнiм болады, жақсы жанұядан жақсы азамат өсiп шығады, ал жаман жанұядан жаман болып өседi. Сондықтан жас кезiнен баланы тәрбиелi етiп өсiру ата-ананың ғана мiндетi.

Тәрбие дегенiмiз – егiлген егiс сияқты, тәрбиеленушiнiң бойына, психологиясына мақсатты көздеп, үнемi жақсы жолға үйрету. Мектепте ұстаздар мен ата-аналар бiрiгiп, жақсы шәкiрт тәрбиелеу керек. Бiрлесiп бала тәрбиесiн жолға қойсақ, кәнекей. Әр уақытта ақылдасып, ұйымдасып саналы берекелi түрде еңбек етсе екен. Осы жас ұрпақты саналы, бiлiктi азамат етiп тәрбиелеу үшiн тәрбие мол болу керек, соған ата-аналар тарапынан зор талпыныс болса екен.

Құрметтi ата-аналар, басты мәселе сiздерге ғана тiреледi. Қазақта мақал бар, “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлесiң”. Ұстаздарды кiнәлауға болмайды, әрине жақсы ұстазға қол жеткiзу оңай емес. Дегенмен де ең бастысы ата-анаға байланысты дер едiм.

СЕЙТКАМАЛОВА МӘРИЯ ҚАЖЫ

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,

Қандыағаш қаласындағы”Нұртай” мешiтiнiң қызметкерi

Серіктес жаңалықтары