ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҒЫ АЗАПТАН ҚҰТҚАРДЫ

ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҒЫ АЗАПТАН ҚҰТҚАРДЫ

ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҒЫ АЗАПТАН ҚҰТҚАРДЫ
ашық дереккөзі
407

2007 жылдың 26-шiлдесi күнi “Литер” газетiнде бастан кешкен қиындықтарым мен тағдырым туралы “Соңғы үмiт” атты мақала жарияланған болатын. Көп уақыт өтпестен тағдырым туралы Елбасы бiлiп, iле-шала Астанадан – Президент әкiмшiлiгiнен маған телефон соғылды. Мемлекет басшысының шаруалары шаш-етектен ғой, тiптi, ол кiсiнiң жұмыс тәртiбi әр минутына дейiн белгiленiп қойылған десем қателесе қоймаспын. Соған қарамастан әлгi мақаланы оқуға уақыт тауып, бей-жай қала алмағандықтан Германияда операция жасатуға көмек берудi тапсырыпты. Осылайша Германияға тағы да жолым түстi.

Әрине, денсаулығым түбегейлi оңалып кете қойған жоқ, әйтсе де ауылдан шыққан қарапайым қызға Президентiмiздiң осыншалық қол ұшын беруi аса қымбат. Елбасы маған сендi және өмiрiме тағы бiр мүмкiндiк бердi деп санаймын. Осы арқылы өзгелерге, биiк лауазымды шенеунiктерге де үлгi – жанашырлық пен қайырымдылық үлгiсiн танытты. Ендi қазiр мен жайында өз бойынан күш-қуат тауып, көптеген қиыншылықтарды жеңдi және журналистика факультетiн тәмамадады деп жүр ғой. Расын айтсам, Президентiмiзге, емделiп шығуыма мүмкiндiк берген елiме, барша қазақстандықтарға тең мүмкiндiк жасап отырған туған отаныма алғысым ретiнде қоғамға, елiмiзге пайдалы азамат болуға ұмтылдым. “Нұр Отан” партиясы Алматы бөлiмшесiнiң төрағасы Т.Садықовтың қолдауымен жұмысқа орналастым. Одан бұрын да “Отан” партиясына бүйрегiм бұратын едi, еркiн қозғалуыма мүмкiндiк туған шақта Президентiмiздiң партиясына ойланбастан мүше боп кiрдiм. Қазiр өз талабыммен авто мектепте оқып, жүргiзушi куәлiгiне қолым жеттi. Ендi мүгедек жанардың проблемаларын қала деңгейiнде көтерiп, оларды шешуге күш салудамын. Мен Елбасының салиқалы саясатын әрқашан қолдаймын және пiкiрлердi барлық жерде жасырмай айтамын.

Елiмiз үшiн айтарлықтай күрделi осынау кезеңде барлық қазақстандықтарға өз ойымды бүкпесiз жеткiзгiм келедi. Өзiм туралы, Президентiмiз жайында, оның сындарлы, келешектi болжағыш саясаты және Қазақстан мен шетелдерде Елбасының алар орны туралы айтқым келедi. Дәл осы кезде баршамыз Президенттiң маңайына топтасып, ол кiсiнiң идеялары мен ұсыныстарын түсiнуге және қабылдауға тиiспiз, барша жаңашыл қадамдарын құптауымыз керек. Қандай ауыр жауапкершiлiктi мойнына артқанын бiлуiмiз қажет және баршамыз көмектесуге борыштымыз. Өйткенi, осының бәрi баршамыз үшiн, барлық қазақстандықтар үшiн жасалып жатыр ғой. Елдiң басшысы, ұлттың көсемi ретiнде Президент мемлекетiмiздi алға, жарқын болашаққа, гүлденуге бастап келе жатыр емес пе?! Қарапайым халықтың ортасынан шыққан, ауыр сынақтардан аман өткен, барлығын өз қолымен жасап келе жатқан маған сенулерiңiзге болады. Бәрiмiз тiзе қоса отырып, осыған дейiн талай қиындықты ауыздықтағанымыздай, бұл дағдарысты да жеңетiнiмiз сөзсiз. Әрбiр қазақстандықтың жүрегiне жол табуымыз керек, енжарлықты ұмытып, әр адам өз бақытының сомдаушысы екенiне күмәнсiз сенгенiмiз жөн. Әрбiр адам жақсы iске өз үлесiн қосқаны абзал.

Мен ұзақ жылдар бойы тар төсекке таңулы болдым, көптеген операциялар мен талай қиындықтарды бастан өткердiм. Ойлануға уақытым жетерлiк болды. Қазiр мүгедектердiң қоларбасынан құтылып, балдақпен жүруге күш салудамын. Көп жайтты қайтадан ой елегiнен өткiзiп, адамдардың қолдауы қанат бiтiретiнiне қиындықтарды жеңiп, биiк мақсатқа жетуiң көмектесерiне көзiм жеттi. “Маған отан не бередi” деп емес, “Мен отаныма қандай жақсылық жасаймын” деп өмiр сүру жолын таңдадым және ең бастысы, маңымдағы кiсiлер маған қалтықсыз сенедi. Адамдарға қызмет iстеп, саясатта өз сөзiмдi айтқым келедi. Сондықтан да екiншi жоғары бiлiм алуға, әлеуметтану және саясаттанушы болуға ұмтыламын.

Сүлейменова Меруерт

Серіктес жаңалықтары