Дүниежүзілік банк: Үндістан әлемдік экономикада көшбасшы атанады

Дүниежүзілік банк: Үндістан әлемдік экономикада көшбасшы атанады

Дүниежүзілік банк: Үндістан әлемдік экономикада көшбасшы атанады
ашық дереккөзі
Экономикалық өзім бойынша Үндістан көшбасшы ел атанады деп хабарлайды gecont.ru. Дүниежүзілік банк Үндістанның экономикалық өсімі осы жылы 7,5 пайызға жоғарылағандығын мәлімдеді. Биыл Үндістан экономикалық көрсеткіш бойынша Қытайды да жолда қалдыруы мүмкін. «Үндістан 7,5 пайыздық өсім көрсеткішімен алғаш рет ДБ тізіміне кіретін болады», -дейді ДБ вице-президенті,  Кошик Басу.  Әлемдегі мұнай бағасының құлдырауы қара алтынды тек қана импорттап отырған Үндістан экономикасына айтарлықтай әсер еткен. Сондай-ақ ДБ келтірген мәліметке сүйенсек, 2016 жылы әлемдегі дамыған елдер 5,2 пайызға, 2017 жылы 5,4 пайызға артады деген болжам жасады. «Қаржылық дағдарыстан кейін дамыған елдер глобальды өсімнің қозғаушы күшіне айналды. Қазір олар экономикалық тұрақсыз жағдайдың үстінде тұр»,- дейді ДБ ұйымының президенті Джим Ен Ким. Бұл ретте Нью-Делиде журналистерге берген сұхбатында Қазақстанның энергетика министрі Владимир Школьник: «Қазақстан Үндістанға энергиялық ресурстар экспорттауды көздеп отыр»,- деп мәлімдеме жасаған. Үндістан әлем бойынша мұнай тұтыну көлемі жағынан төртінші орында тұр. «Біз сондай-ақ шикізаттық мұнай мен газды Қазақстаннан Үндістанға мұнай құбырлары арқылы немесе сұйытылған табиғи газ күйінде жеткізудің техникалық-экономикалық негіздемелерін жасау жайында келістік», — дейді Үндістанның мұнай және газ министрі Дхармендра Прадхан. Қазіргі уақытта логистикалық түйткілдерге байланысты Қазақстаннан аталмыш елге импортталатын мұнай көлемі айтарлықтай көрсеткіште емес. Десе де, екі ел арасында мұнай саудасына қатысты келісім орнаса, жағдайдың оңалуы әбден мүмкін.