КАСТРО ДА ОРНЫН БОСАТТЫ

КАСТРО ДА ОРНЫН БОСАТТЫ

КАСТРО ДА ОРНЫН БОСАТТЫ
ашық дереккөзі

Бiр-екi күндiкте Куба коммунистiк партиясының ресми басылымы "Гранма" газетiнiң бiрiншi бетiнде тосын ақпарат жарияланды. Онда Куба елiнiң билiк басында 1959 жылдан берi келе жатқан Фидель Кастро жоғары мемлекеттiк дәрежедегi қызметтерiн тапсырып, отставкаға кететiнi туралы арнайы мәлiмдеме жасады.

Ол өз сөзiнде: "Куба мемлекеттiк кеңесiне жаңа басшылық келетiн уақыт жеткен сияқты. Мен бұл үлкен мiндет жүктейтiн қызметтi талай жылдан берi адал атқарып келдiм" дептi. Аяқасты елдi дүр сiлкiндiрген жаңалыққа байланысты Мемлекеттiк кеңестiң, жоғары билiктiң жаңа құрамы 24 ақпанда өтетiн Куба халықтық билiгiнiң ұлттық ассамблеясының алғашқы отырысында анықталады.

Куба халқының бiр бөлiгi Ф.Кастроның отставкаға кетуiн денсаулығына байланыстырса, ендiгi бiрi оған айналасындағылардың ықпалы тидi дегендi айтады. Алайда, Кастро халыққа жасаған жолдауында не себеппен кететiнi туралы жақ ашпады. Бiр айта кетерлiгi, Фидель 2006 жылы шiлде айында денсаулығының сыр беруiне орай өзiнiң орнын Рауль Кастроға тапсырған болатын.