БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СЫЙЛЫҚ

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СЫЙЛЫҚ

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СЫЙЛЫҚ
ашық дереккөзі
430

Кеше "Шеврон" компаниясы Алматыдағы балаларға көмек көрсететiн жетi мекемеге медициналық және зертханалық құрал-жабдықтарды сыйға тартты. Осыған орай, "Қазақконцерттiң" концерт залында компания мекеме басшылығына арнайы сертификаттарды табыстады.

Жаңа жыл қарсаңында өткен бұл игiлiктi шара "Шеврон" компаниясының әлеуметтiк салаға көмектесу акциясының негiзiнде жүзеге асырылып отыр. Бұл акция Алматы қалалық денсаулық сақтау департаментiмен бiрлесе отырып, ұйымдастырылды. Сертификаттарды иемденген мекемелердiң қатарында, "Ақсай" республикалық балалар клиникалық ауруханасы, Педиатрия және балалар хирургиясы, Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының балалар бөлiмi, №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасы, №2 балалар клиникалық ауруханасы, №7 қалалық клиникалық аурухананың балалар нейрохирургиясы бөлiмшесi бар.

Марапаттау рәсiмiне медициналық мекемелердiң үш жүзден астам қызметкерлерi қатысып, салтанатты рәсiм барысында эстрада жұлдыздарының мерекелiк концертiн де тамашалады.

"Шевронның" әлеуметтiк салаға көңiл бөлiп жүргенi, бұл бiр ғана емес. Бұған дейiн де Астана және Атырау қалаларының медициналық мекемелерiне де арнайы құрал-жабдық, дәрi-дәрмек, медициналық материалдардан жәрдем берiп келген. Сондай-ақ, бiлiм беру салалары да компанияның тiкелей қамқорлығында.

Гүлзина Бектасова

Серіктес жаңалықтары