ЖЕКЕШЕЛЕНДIРУ КУПОНДАРЫНЫң ПАЙДАСЫН ҚАШАН КӨРЕМIЗ?

ЖЕКЕШЕЛЕНДIРУ КУПОНДАРЫНЫң ПАЙДАСЫН ҚАШАН КӨРЕМIЗ?

ЖЕКЕШЕЛЕНДIРУ КУПОНДАРЫНЫң  ПАЙДАСЫН ҚАШАН КӨРЕМIЗ?
ашық дереккөзі
330

Жекешелендiру купонының не екенiн ұмытуға айналдық. Тек анда-санда бiр құжат керек болып, қағаздарды ақтарыстырып жатқанда, «менi де еске алатын күнiң бар ма?» дегендей болып, қолымызға iлiге кетедi.

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының бас шенiнде тұрғын үйлер жаппай жекешелендiрiлдi. Купон сол кезде ақшаның орнын алмастыратын заңды құжат ретiнде бағаланды да, қажеттi сомасын тұрып жатқан үйiмiзге ұстап қалып, артылғанын қолымызға ұстатты. Мiне, сол купондар әркiмнiң шамаданының түбiнде сарғайып жатқан болуы керек. Ендi осы үйдi жекешелендiру купондарын қала әкiмшiлiгi тарапынан кезек бойынша таратылып жатқан үйiне жұмсасақ қайтер едi?

Мына нарық заманында тұрып жатқан үйiң түбегейлi өз баспанаң болып қалмайды екен. Себебi ордерiңе жазылған жазуларға қарағанда сол «тегiн» алған үйiңдi бiреуге сатуға немесе айырбастауға немесе ұрпағыңа аманаттауға да болмайды. Демек, бұл алған үйiң – коммуналдық үй, басқаша айтқанда, көзiң жұмыла қалған күнi үкiметiмiз қайта алып қояды екен. Сонда деймiн-ау, сол қарттарға көрсетiлетiн құрмет уақытша ғана болғаны ма?

Құдайға шүкiр, Қазақ елi байлығы жағынан дүниежүзi елдерiнiң алдыңғы сабында тұр. Мерзiмдi баспасөз беттерiнен Ұлы Отан соғысының ардагерлерiне сондай «тегiн» үйлердi оларға басыбүтiн заңдастырып (жекешелендiрiп) берiп жатқанынан да құлағдармыз. Ал «төрiнен көрi жақын» дейтiн қарт зейнеткерлерге (еңбек өтiлi 30-40 жыл) сондай қуанышты неге сыйламаймыз? Егер сыйлайтын болсақ, алған үйiн оларға да тегiн бергенiмiз жөн болар. «Болмайды. Мына нарық заңы оған жол бермейдi» дейтiн болсақ, қарттардың жағдайын ескерiп, мүмкiн болғанынша ең төменгi бағамен, айталық үйiнiң әр шаршы метрiне 1000 теңге есебiнде (бұған қолдарындағы жекешелендiру купонын да пайдаға асырып, әр купонына 1000 теңге мөлшерiнде) есептеп, «сатып» берген орынды болар. Өйткенi сол қарт адамдар «көзiм жұмылған күнi мына үйiмдi тартып алады-ау» деген уайыммен өмiр сүргенi кiмге пайдалы?

Шаймерген ӘЛДИБЕКҰЛЫ,

журналист

Серіктес жаңалықтары