ОППОЗИЦИОНЕР АЙЫЛЫН ЖИДЫ

ОППОЗИЦИОНЕР АЙЫЛЫН ЖИДЫ

ОППОЗИЦИОНЕР АЙЫЛЫН ЖИДЫ
ашық дереккөзі

«Әділетті Қазақстан үшін» оппозициялық блоктың бір мүшесі кенеттен баспасөз мәслихатын өткізді. Орталық кеңестің мүшесі Ерсайын Ерқожа әріптестерінің тірлігіне алаңдаулы. Оның әңгімесіне қарағанда, «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының белсенділері сайлау өтпей жатып, «Әділетсіз өтті» деген мәтіндегі мәлімдемелерін жаппай басып та үлгірген.

Бұл не? «Қорыққан бұрын жұдырықтар» дегеннің керін келтіре ме? «Отан патриотымын» деп «алқа» тағынып келген Ерсайын «әділеттілер» елдің қамын емес, әуелі қарақан бастарының қамын күйттеумен әлек. Қара қауым қажетін елеп те отырған жоқ деп салды.

– Тұяқбай төртінші орынды місе тұтса да жақсы, өйткені жер-жерлерде ауыз толтырып айтатындай жұмыс жасалған жоқ! – дейді Ерқожа мырза. Бұрынғы оппозиционер баспасөз мәслихатына дайындалып келгенге ұқсайды. Себебі баспасөз парақшаларына дейін тиянақтап бастыртып алып келген екен.

«…Сайлау өтпей жатып, «Жеңісімізді ұрлап кетті!» деп мәлімдеме әзірлеумен әлек. Мұнан соң аса белсенділерді алаңға шығарып, полициямен қақтығыстырмақ, сөйтіп жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру пиғылы бар. Мұндайда жазықсыздардың қаны еш төгілуі мүмкін. Рас, мені қазіргі режимге құлай кетті деушілер табылуы мүмкін. Кім не десе, о десін. Менің өз ұстанымым бар. «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының бел ортасында жүрген менің жүрегім айни бастады. Жауапсыз саясаткерлердің жетегінде жүрем деп, алданып қалмаңыздар» деп алаңдаушылығын білдіреді.

– Баспасөз- конференциясы барысында Ерсайын Ерқожа өзінің бұрынғы қанаттастары қарулы қақтығысты көксегені көксеген дейді.

Ол үшін тіпті лас технологияны пайдаланудан тайынбақ емес. Қара қауымды алаңға шығару үшін қаржы-қаражаттан да аянып қалмайтынға ұқсайды.

Иә, Ерсайын Ерқожа қапа. Қапа болмай қайтсін. Алаңға шықса болды, 200 доллар ұстатам дейтін оппозицияның түрі осы болса, жарыған екенбіз, дей отырып, Ғ.Жақияновты жоқтап, халықтың митингіні өзі ұйымдастырғанын еске алады. Ол кезде «алдыңғы лекте», «табанды түрде бірінші қатарда» жүріп, қазіргі режимге қарсы шыққаным бар. Бірақ неге екенін қайдам, өз әріптестерімнен ешқандай қолдау таба алмадым. Ал, дәл қазір дақпырт жасап, алаңға шыға қоятындай ешқандай да саяси астарды көріп тұрғаным жоқ. Елдің мұқтажын былай ысырып қойып, жеке бастың мүддесін ойлайтын жат пиғылдылармен бірге жүргенімше өз күнімді өзім көргенім жақсы.

Ғалымжан Мелдеш