5 Наурыз 2018, 10:20 1559 0 Спорт Анар ЛЕПЕСОВА

Давиде Астори белгісіз жағдайда көз жұмды

Кеше Италияның «Фиорентина» командасының қорғаушысы Давиде Астори көз жұмды. Бұл туралы клубтың ресми сайтында хабарланды.

31 жастағы Давиде Астори командасымен бірге Удинезе қаласына келген. Кеше  Италия чемпионатының  27-туры аясында Удинезе-Фиорентина матчы өтуі керек болатын. Алайда, «Фиорентина» командасының капитаны Давиде Астори белгісіз жағдайда қайтыс болып, кездесу кейінге шегерілді.

«Фиорентина қайғы жұтты. Клубтың капитаны Давиде Астори аяқ астынан көз жұмды», - деп жазды клубтың ресми сайты. Давиде Астори 1987 жылы өмірге келген. Ол футбол мансабын «Портизола» академиясында бастады. 2001 жылы «Миланның» жастар құрамасына алынды. 2011 жылдың 29 наурыз айынан бастап Италия құрамасында ойнаған. Алғашқы матчты Украинаға қарсы өткізді.

 

Соңғы жаңалықтар