Қытайда үшінші балаға рұқсат беріле ме?

Қытайда үшінші балаға рұқсат беріле ме?

Қытайда үшінші балаға рұқсат беріле ме?
ашық дереккөзі
Қытайда үшінші балаға рұқсат беру қарастырылмақ. Наурызда өтетін Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысында ары қарайғы әлеуметтік реформалар, соның ішінде отбасында үшінші балаға рұқсат ету мәселесі қаралуы мүмкін, - деп хабарлайы РИА Новости.  2015 жылы Қытай 1970 жылдардан бері келе жатқан "бір бала" саясатын жойған болатын.  Үшінші балаға рұқсат беру ұсынысын Гуандун аймағының өкілі, адвокат Чжу Леюй жасады. Мұны ол болашақта Қытайдың туу көрсеткіші төмен елге айналып кету қаупімен түсіндірді.  Оның сөзінше, "бір бала" саясатын жою халық санының артуына емес, туу көрсеткішінің тууына әкеп соқтырған.  Елдің мемлекеттік статистикалық бюросының мәліметі бойынша, 2017 жылы Қытайда 17,23 миллион нәресте дүниеге келген. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 630 мыңға аз. Дегенмен бұл жылғы көрсеткіш, 2000 жылдан бергі ең жоғарғы болған.  Ал демографиялық мәселелер саласының сарапшысы Хуан Вэньчжэн үшінші балаға рұқсат беру бұл мәселені шешпейтінін айтады. Бұл үшін Қытай бала тууды жоспарлаудан толық бас тарту қажет.  Сарапшының болжамы бойынша, алдағы 10 жылда Қытайда туу көрсеткіші төмендей бермек. Ал бұл 20 жылдан кейін елдің экономикалық өсіміне қауіп төндіреді.