3 Наурыз 2018, 10:28 706 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

Қазақстандықтар еміне қаржы жинаған 4 жастағы бүлдіршін операцияға жете алмады

Жүрегінде ота жасалуын күткен 4 жастағы шымкенттік бүлдіршін Виола Балан көз жұмды. Оның еміне қайырымды жандар қаржы жинап берген еді. Өкінішке қарай, науқас операцияға жетпей қайтыс болды. 

«Құрметті біздің жақындарымыз, осыдан екі сағат бұрын біздің Виоламыз қайтыс болды. Бұл біздің барлығымыз үшін орны толмас өкініш. Бір кездері Виоланың әрі қарай өмір сүруге деген үмітін оятып, оның анасымен бір жыл бойы бірге болуына үлес қосқан азаматтардың барлығына рахмет!»,-деп жазды қыздың туған-туыстары Instagram парақшасына.

Айта кетейік, Виола жүрегіне күрделі әрі қымбат операция жасауды қажет ететін еді. Операцияға 150 мың еуро қажет болатын. Сәбидің операциясына қаржыны қазақстандықтар мен өзге де шет мемлекеттердің азаматтары жинады.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Виола Баланды Берлиндегі неміс жүрек орталығына жіберу мәселесін шешті. 2016 жылдың қарашасында Виолаға Берлинде операция жасады. Осыдан бір ай бұрын қыздың денсаулығы қайта нашарлай бастады. Ол Астанадағы клиникалардың бірінде жансақтау бөлімінде жатты. Виолаға екінші рет операция жасалуы керек еді. Өкініше орай періште сәби ол күнге жете алмады.

 

Соңғы жаңалықтар