Банктерге көрсеткен қызметі үшін комиссия алуға тыйым салынбақ

Банктерге көрсеткен қызметі үшін комиссия алуға тыйым салынбақ

Банктерге көрсеткен қызметі үшін комиссия алуға тыйым салынбақ
ашық дереккөзі
Алдағы уақытта несие беру, сондай-ақ өзге де қызмет көрсеткені үшін банктерге комиссия алуға тыйым салынуы мүмкін.  ұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Әділет министрі мәлім етті. Марат Бекетаев осы мақсатта банктерге кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес қарыз беру шарттары бойынша және банктік шотты жүргізгені үшін комиссия белгілеуге және алуға шектеу қоюды ұсынды. Себебі мұның бәрі несиелеу жұмыстарымен байланысты. Сондықтан жеке тұлғалардан қосымша комиссия алынбауы тиіс. «Жылжымайтын мүлік ипотекалық шарты бойынша 6 айлық мерзім өткізіліп алғаннан кейін банктік пайыздарын есептелуін тоқтата тұру қарастырылады. Банктік шоттардағы алименттер сомасының нысаналы түрде қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында банктік қарыз бойынша даусыз тәртіппен, оның ішінде төлем талабын қою арқылы өндіріп алуды қолдануға тыйым салынады», ‒ деді Әділет министрі. Сондай-ақ Ұлттық Банктің төрағасы Данияр Ақышев сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заң жобасына өзгерістер енгізуді ұсынды. Еліміздің бас банкирі саланы жаңғыртуды қолға алмақ. Оған себеп те жоқ емес. Өйткені статистикаға қазақстандықтардың сақтандыруға салғырт қарайтынын көрсетті. Данияр Ақышев алдымен онлайн-сақтандыру жүйесін енгізуді көздеп отыр. Енді азаматтар кеңселерге, не агенттіктерге сабылмайды. Сақтандыру жасау үшін арнайы сайттарға кірсе болғаны. Ұлттық банк төрағасы сақтандыруды онлайн режимде рәсімдеу арқылы сақтандыру құнының төмендейтінін де тілге тиек етті. Ұлттық банктің көлік жүргізушілеріне де жағымды жаңалығы бар. Алдағы уақытта жүргізушілер сақтандыру полюсін Жол патрульдік қызметкерлеріне көрсетуге міндеттелмейді. «Біз бұл мәселелерді талқылай келе, транзиттік механизм керектігін түсіндік. Ол не үшін қажет? Егер компания банкрот болған жағдайда, аннунитет алатын адамға қандайда бір мәселе туындамауы үшін. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беретін қордың 4 жыл бұрын мұндай мүмкіндігі болмады. Алайда қазір бұл қордың төлемдерді сақтандыруға қауқары жететінін көріп отырмыз», ‒ деді Д.Ақышев.