Бишімбаев: Жасамаған ісімді мойындамағаным үшін айыпталып отырмын

Бишімбаев: Жасамаған ісімді мойындамағаным үшін айыпталып отырмын

Бишімбаев: Жасамаған ісімді мойындамағаным үшін айыпталып отырмын
ашық дереккөзі
Қуандық Бишімбаев өзіне тағылған айыппен келіспей отыр. Оның айтуынша, тергеу материалдары нақты дәлелдермен расталмаған.   />«Адамдар өз айыбын мойындаған кезде – бұл, бәлкім, керемет шығар. Бірақ, айыпты мойындау мені қоса іліктіру үшін жауапкершілікті артып, қайдағы бір әңгімені ойлап табумен бірге жүргізілмесе керек еді. Осында айтылған сөздердің бәрі де жай ғана сөз болып қалды. Құрметті сот, сот барысында зерттелген тергеу материалдары нақты дәлелдермен – не телефондағы әңгімемен, не егжей-тегжейлі әңгімемен расталмай отыр. Менің бар айыбым – жасамаған ісімді мойындамауым ғана», – дейді сотталушы.

«Кеше біз осы адамдардың жеке мойындауы мен оларға қатысты дәлелдер барына көз жеткіздік. Мемлекеттік айыптаушы оларға белгілі бір мерзімді сұрап отыр. Бұл жағдай менің айтқанымның бәрін де растайды. Прокурорлар сұраған жазалардың бәрі де менің айтқанымды растай түседі», – деп түйді Бишімбаев.

Министрдің айтуынша, қылмыс үстінде ұсталғандар жазаны жеңілдету үшін айыптарын мойындауда.
    </div>


    
        <!-- Top Advertisement Section -->
    <section id=