623
Игерілмеген жер: Атырау облысында 100,5 гектар алқап бос жатыр
Игерілмеген жер: Атырау облысында 100,5 гектар алқап бос жатыр
Атырау облысында 100,5 мың гектар ауыл шаруашылық алқаптары игерілмей бос жатыр. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Соңғы жылдары түгендеу барысында облыста 100,5 мың гектар игерілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімі анықталды. Олардың ішінде 39,2 мың гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. 33,1 мың гектар жер телімі қазіргі уақытта мақсатына сай пайдаланыла бастады. Тағы 28,2 мың гектар жердің мәселесін жергілікті атқарушы органдар қарап жатыр», - деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Бұған дейін хабарланғандай, өңірде арнайы топтар құрылған. Олар аэрофото түсірілім деректерін пайдалана отырып, түрлі мақсаттағы жерлерді аралайды, жер телімін пайдалану саласын тәртіпке келтіреді.