ОАР президенті коррупциямен айыпталғаннан кейін отставкаға кетті

ОАР президенті коррупциямен айыпталғаннан кейін отставкаға кетті

ОАР президенті коррупциямен айыпталғаннан кейін отставкаға кетті
ашық дереккөзі
ОАР президенті коррупциямен айыпталғаннан кейін отставкаға кетті. Оңтүстік-Африка республикасының президенті Джейкоб Зума өзінің отставкасын жариялады. Reuters агенттігінің мәліметінше, мемлекет басшысы корруциялық айыптаулардан кейін, қызметінен кетуге мәжбүр болған. Осы аптада басқарушы Африкалық ұлттық конгресс партиясы мен оның бас хатшысы Эйс Магашуле Зумадан отставкаға кетуін талап етті. ОАР заңына сәйкес, мемлекет басшысы қызметі вице-президент Сирил Рамафосаға жүктелуі тиіс. Джейкоб Зума 2009 жылы президент болып сайланған, 2014 жылы екінші кезеңге қайта сайланды. 2017 жылы ол сыбайласқан жемқорлықпен айыпталды. Африкалық ұлттық конгресс Зуманы партия басшылығынан тайдырып, орнына Рамафосаны тағайындаған.